18 Желтоқсан, 2016

Йеменде жарылыстан 20 адам қаза тапты

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Йеменнің Аден қаласында болған жарылыстан кемінде 20 әскери адам қайтыс болған. Бұл туралы Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап, РИА НОВОСТИ хабарлады. Агенттіктің мәліметтері бойынша, жарылысты жанкешті-содыр жүзеге асырған. Әзірге қайғылы оқиғаға қатысты өзге мәліметтер жария етілмей отыр. Бір апта бұрын Аден қаласының маңындағы әскери лагерьде ұйымдастырылған терактінің салдарынан 50-ге жуық адам қаза тапқан болатын.