18 Желтоқсан, 2016

Джон Керри Сауд Арабиясына не үшін барады?

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін соғыс зардабын тартып жатқан елде бейбітшілік орнату үшін Йемен мәселесін қоса алғанда өңірдегі оқиғаларға байланысты келіссөздер жүргізу үшін Эр-Риядқа барады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің Таяу Шығыстағы меншікті тілшісі хабарлады. Дж. Керри сауд және иемендік лидерлермен кең ауқамды кеңес өткізу мақсатында екі күн болады. Ол сонымен қатар әлемнің бейбітшілік жол картасын талқылау мақсатында Йемен өкілдерімен де жүздеседі. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы өткен жылдың тамызында өзінің Джиддаға жасаған сапары барысында Йемендегі бейбіт келіссөздерді қалпына келтіру жөніндегі жоспарын ұсынды. АҚШ-өкілінің пікірінше, бұл аталған шиеленісті жағдайды шешудің ең оңтайлы жолы.