Қостанай қалалық мешітінде Мұхаммед Мұстафа пайғамбарымызға арналған мәуліт-шәриф мерекесі өтті. Пайғамбарға салауат пен сәлемді араб және қазақ тілдерінде мешіт имамы мен шәкірттер орындады. Мерекеде белгілі ақын, журналист-публицист Ақылбек Шаяхмет жиналған жамағатты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған айы—мәуліт мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді, жыр шумақтарын арнады.
Мұнан кейін Қостанай қалалық мешітінің наиб-имамы Дүйсен Дайыр Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірі мен тағылымды тағдырынан ғибратты насихат айтты. Қостанай облысы бойынша ұйымдастырылған Қостанай қалалық мешітінде ашылған екі айлық сауат ашу курсында оқып жатқан Қытайбеков Болатбай есімді шәкірт Әбубәкір Кердерінің «Насихат-толғау» атты термесін орындады.
Қасиетті мәуліт-шәриф мерекелік асына Қостанай қаласының тұрғыны Орал Таңжарықов демеушілік көрсетті. Мереке соңында Қостанай қалалық мешітінің бас имамы Шоқан Әмірханов жамағатты мерекемен құттықтап, мешіттегі тәрбиелік маңызы зор тағылымды істерге атсылысып жүрген азаматтарға алғыс айтты.
Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан».
Қостанай

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03