Елордада Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстандағы шетелдік дипломатия өкілдерімен кездесіп, виза мәселесіне қатысты брифинг өткізді. Оған елдегі бизнес қауымдастықтың, Ішкі істер министрлігінің өкілдері, журналистер қатысты.
Өз сөзінде Ерлан Ыдырысов виза беруде жаңа талап-ережелердің енгізілуінің мән-маңызы айрықша екеніне тоқталды. «Бұл, ең алдымен, Қазақстанның шетелдегі әріптестерімен арадағы байланысын жандандыруға сеп болары сөзсіз. Біз бизнес-климатты жақсарту, шетелдермен барлық деңгейдегі, мәселен, іскерлік, туристік қарым-қатынасты дамытуға мән беріп келеміз. Сондықтан, бұл – өте салмақты мәселе. Оған дайындық үдерістері де өте ұзақ уақытты қамтыды. Оған осы мәселеге мүдделі барлық ведомство тартылды. Бірінші кезекте, Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігі», – деді Е.Ыдырысов.
Сонымен, сыртқы саясат ведомствосы басшысының айтуынша, келесі жылдан бастап 45 мемлекет үшін визасыз режім енгізіледі. «2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап инвестициялық әлеуеті жоғары әрі экономикалық жағынан дамыған 45 мемлекет үшін визасыз режім ашылады. Бұл елдердің азаматтары 30 күн бойы Қазақстанда емін-еркін жүре алады», – деді министр.
Е.Ыдырысов, сондай-ақ, визасыз режімге іліккен мемлекеттердің ішінде Австрия, АҚШ, Грекия, Испания, Швеция, Канада, Финляндия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония, Португалия, Венгрия, Кипр, Бельгия, Сингапур, Монако, Иордания, Малайзия, сондай-ақ ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдері бар екенін жеткізді.
Бұған дейін Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 48 мемлекетке жеңілдетілген режім бойынша виза алу жөнінде де айтқан болатын. Брифинг барысында Сыртқы істер министрі осы екі тізімнің ара-жігін ажыратып берді. «Мәселен, визалық жеңілдіктер қарастырылған 45 елдің азаматтары 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанға визасыз кіре алады. Бірақ, олар үшін тіркеу тәртібі өзгермейді. Яғни, олардың барлығы тіркеуден өтеді. Бұдан бөлек, 48 мемлекеттен тұратын тағы бір тізім бар. Ол – бөлек тізім. Ол бойынша, 48 мемлекеттің азаматтары үшін виза алудың жеңілдетілген шарттары қарастырылған. Бұл визаны елімізден арнайы шақыртусыз ала алады. Міне, осы тізімге енген шетел азаматтары Қазақстанға келген кезде шекарашылар қойған мөр бойынша бірден тіркеуден өтеді»,– деді Е.Ыдырысов.
Бұған қоса, ол 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін елдегі БАҚ-та визалық режімнің жаңа ережелері жарияланатынын да атап өтті. «Бұл біздің азаматтарымыз бен бизнесмендеріміздің осы талап-ережелермен жақынырақ және егжей-тегжейлі танысып шығуларына мүмкіндік бермек. Ал бұл ретте, Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті мен Ішкі істер министрлігінің тиісті құрылымдары жаңадан енгізілген ережелердің қалай жүзеге асырылатынына, визаның түрлі категорияларына қатысты өз тараптарынан толықтай түсініктеме беріп отыратын болады», – деді ол.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Текті әулеттен шыққан өр тұлға
Тұлға • Бүгін, 08:25
Ғылыми атақтар туралы келісім мақұлданды
Саясат • Бүгін, 08:23
Тұрғындар түйткілін кім шешеді?
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі әлемдік мұра нысанына енеді
Қазақстан • Бүгін, 08:17
Шайдоровтың кілемдегі шынайы бейнесі
Өнер • Бүгін, 08:15
Реформалардың мән-жайын түсіндірді
Саясат • Бүгін, 08:13
Спорт • Бүгін, 08:10
Референдум • Бүгін, 08:07
Махамбет рухын дәріптеген Марк
Қоғам • Бүгін, 08:05
Деректерді өңдеу орталықтарын дамыту жайы пысықталды
Саясат • Бүгін, 08:02
Көрме • Бүгін, 08:00
Мемлекеттік қызмет музейі құрылды
Қоғам • Бүгін, 07:50
Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді
Қоғам • Кеше
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше