21 Желтоқсан, 2016

Көңіл айту жеделхаттын жолдады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы 19 жел­тоқ­сандағы террорлық акт салдарынан Берлин қаласында көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев А.Мер­­­кельге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.