21 Желтоқсан, 2016

Колумбияда жүк тасымалдайтын ұшақ апатқа ұшырады

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Колумбияда жүк тасымалдайтын Boeing 727 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады gazeta.ru. Aerosucre компаниясына тиесілі әуе көлігі Богота қаласына бағыт алған. Бортында алты экипаж мүшесі болған. Оның үшеуі қаза тауып, екеуі жарақат алды. Тағы бір адам әлі табылмады. Әзірге апаттың себебі белгісіз. El Tiempo басылымының ақпарынша, оқиға орнында өрт шығып, құтқарушылар тобы жіберілді.