21 Желтоқсан, 2016

Италия үкіметі банктерді құтқаруға кірісті

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Италия үкіметі банк секторын құтқару үшін мемлекет қарызын 20 миллиард еуроға ұлғайтуға шешім қабылдады, деп жазады Хабар24. Осыған қатысты ұсынысты билік парламенттің қарауына жіберді. Қаржы министрі Пьер Карло Падоанның айтуынша, бұл – уақытша шара. Мақсат – Monte dei Paschi di Siena сияқты құрдымға кеткелі тұрған бірнеше банкті құтқарып қалу. Ал аталған банк әзірге өз капиталын жеке инвесторлардың есебінен 5 миллиард еуроға дейін көбейтпек. Егер бұл әрекеттен нәтиже шықпаса, үкімет банкке қол үшін беруге дайын. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2009 жылы Monte dei Paschi инвесторлар мен мемлекет тарапынан 12 миллиард еуро көмек алған.