21 Желтоқсан, 2016

«Болашақ энергиясы» байқауының жеңімпазы анықталды

182 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ҚР Энергетика министрлігімен бірлестікте қазақстандық өнертапқыштар арасындағы «Болашақ энергиясы» республикалық байқауын қорытындылады. Интернет пайдаланушыларының пікірлері бойынша, Марат Исекеевтің «Роторлық типтегі көпдеңгейлік көпқатарлы жел станциясы» жобасы ең үздік болып танылды. Жел станциясы өтпе жел әсерін пайдаланады, оның есебінен қондырғы электр энергиясын оған ұқсас қондырғылармен салыстырғанда 30-50%-ға артық өндіреді. Республикалық байқау жеңімпазын  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов құттықтады. «Біз үшін ел өңірлерінің барлығы дерлік, барлық ғалымдарымыз, жаңашылдарымыз белсенді қатысқан бұл байқау біздің елімізде инновациялардың дамуына қозғаушы күш болатындығы қуантады және оның үстіне 2017 жылы Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесінің базасында аса ірі инновациялық алаңға айналатындығын атап өту көңіл сүйсіндіреді. Біздің отандық ғалымдарымыздың озық технологияларын бүкіл әлемге көрсетуімізге мүмкіндік туады, осы орайда бүгін ғалым Марат Исекеевті осы марапатымен құттықтау мүмкіндігі мен үшін үлкен құрмет. Оның жобасы отандық ғалымдарымыздың 28 жобасының қатарында ЭКСПО-2017 көрмесінің базасында, Қазақстан» павильонындағы «жасампаз энергия» аймағында таныстырылатын  болады», - деді Е.Шорманов. Байқауға барлығы жүзге тарта өтінім келіп түсті. Олардың арасынан сараптамалық комиссия 50 жобаны іріктеп алды, олар www.yourexpo.kz сайтына орналастырылды. Өнертапқыштар мен жаңашылдар арасындағы тартыс осы сайтта өтті. Сайтта орналастырылған жобалар үшін, жалпы алғанда, 55 мыңдай адам дауыс берді. Байқау жеңімпазы туралы анықтама: Исекеев Марат Мұхаметқалиұлы, техника ғылымдарының кандидаты,  компьютерлік технология және логистика кафедрасының профессоры, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы жанындағы «G-Global» жастар штабының жетекшісі.