21 Желтоқсан, 2016

2020 жылғы Олимпиадаға Жапония 15 млрд доллар жұмсайды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жапония үкіметі 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 15 млрд доллар (кей деректерде 13 млрд доллар) бөледі, деп хабарлайды Haberler басылымы аталған шараның ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап. Бұрын Олимпиада өткізу шығындарын есептеу комиссиясы Олимпиаданың шығыны 30 млрд доллар болатынын айтқан еді. Сол мәлімдемеден кейін академиялық ескек есу, каноеда ескек есу, жүзу және волейбол ойындары бойынша жарыс шығындары азайтылды.