22 Желтоқсан, 2016

22 желтоқсанға арналған ауа райы

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін еліміздің басым бөлігінде  атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Жекелеген аумақтарда бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, ал Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с артады, сондай-ақ Қызылорда облысында бұрқасын соғады. Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының жекелеген жерлерінде көктайғақ болжануда. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейіп, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз болуы мүмкін.