03 Қыркүйек, 2011

Назар аударыңыз: конкурс

335 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗДАР, ҚАТЫСЫҢЫЗДАР Жамбыл облысының әкімдігі өңірдің әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін көрсету бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында шығармашылық конкурс өткізеді Конкурс 16 желтоқсан – Қазақстан Республика­сының Тәуелсіздігі күніне орай жыл сайын ұйым­дастырылады. Конкурстың мақсаты журналистердің (БАҚ-тың ұжымы) Жамбыл облысының маңызды әлеуметтік-экономикалық дамуы мен аймақта іске асырылып отырған мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысына назарын аудару, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар қызметіне ақпараттық қолдау көрсету болып табылады. Конкурсқа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері мен жетістіктерін насихаттайтын жарияланымдар, телесюжеттер, радиохабарламалар, интервью, репортаждар, очерктер қабылданады. Конкурсқа журналистер, тәуелсіз авторлар мен ай­мақ­тық БАҚ редакцияларының ұжымы қатыса алады. Конкурсқа жалпы басшылық жүргізуді облыс әкімі бекіткен облыс әкімі орынбасарының төраға­лы­ғымен, конкурсқа қатысушылардың материалда­рын іріктеу және облыс әкіміне үміткерлерді анық­тауды конкурстық комиссия жүзеге асырады (ары қарай – Комиссия). Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі: – «Үздік публицистикалық материал» – «Үздік талдамалық материал» – «Үздік очерк» – «Үздік ақпараттық хабарлама» – «Үздік теле-радио репортаж» – «Үздік басылым және телекомпания» – «Үздік фото» Конкурсқа қатысуға жіберілген материалдарға қойылатын талаптар: 1) Конкурстың өту мезгілімен сай телеэфир мен радиоэфирді жылдың ақпанынан қарашасына дейін жариялау немесе орналастыру; 2) мерзімді басылымдар – газет (журнал) түпнұсқалары түрінде; 3) ақпараттық агенттіктер – материалдың шығу мерзімін көрсете отырып, қағаз түрінде; 4) бейне – мекен-жайы мен автор туралы мә­лімет көрсетілген CD, DVD сандық тасымал­дау­ыш­тарында, пішіні AVI, MPEG4. Эфирлік анықтама мен редакцияның жолдама хаты болуы керек; 5) радио – мекен-жайы мен автор туралы мә­лі­мет көрсетілген CD, DVD сандық тасымал­дау­ыштарында, пішіні Mр3. Эфирлік анықтама мен редакцияның жолдама хаты қосымша тіркелуі тиіс; 6) фото – түрлі-түссіз, түрлі-түсті негатив пен слайд­тар, ұзындығы 18 см., жоғары, ені 45 см.-ден төмен түрлі-түссіз, түрлі-түсті фотосуреттер түрін­де. Фотосуреттің арғы бетінде оның қай жерде, қай кезде түсірілгені және автор туралы мәлімет көр­сетілуі тиіс. Конкурсқа құжаттарды 2011 жылдың 30 қара­шасына дейін облыс әкімдігі ішкі саясат басқар­масында мына мекен-жайда қабылдайды. Тараз қа­ласы, «Достық» алаңы, 1, индекс:080000, анықтама телефондары:45-55-73, 43-71-72, электрондық пошта: uvp_taraz@mail.ru. Конкурстың қорытындысы облыс әкімдігі отырысының хаттамасы үлгісінде дайындалады және оны үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанына дейін жариялайды. Номинациялар бойынша жеңімпаз атанған журналистерге, тәуелсіз авторларға және шығармашыл ұжымдар мен БАҚ өкілдеріне естелік дипломдар, салық бойынша сәйкес міндетті төлем­дері орындалатын ақшалай және заттай сыйлықтар тапсырылады. Конкурстың жариялануы туралы ақпарат пен он­ың қорытындысы Жамбыл облысы әкімінің сай­тында (www.zhambyl.kz) орналастырылады, соны­­мен қа­тар, жергілікті баспасөз беттерінде жарияланады.