03 Қыркүйек, 2011

Тіл фестивалі

614 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Елордадағы К.Байсейітова атын­­дағы Ұлттық опера және балет теат­рында Астана қаласы тілдерді да­мыту басқармасының ұйымдасты­руы­мен «Тілге құрмет – елге құр­мет» атты Қазақстан халқы тілде­рі­нің ХІІІ қалалық фестивалінің ашы­лу салтанаты өтті. «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмір­дің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде артық не бар екен!», – деген Елбасы Н.Назар­баевтың бұл сөзінен кейін, ана тілімізге деген құрметіміз одан әрі күше­йе түспек. Рас, бүгінде қазақ тілінің аясы кеңейіп, өрісі өсіп, құлашы кеңге жазылып келеді. Бұл бірінші кезекте, тәуелсіз­ді­гі­міздің, екіншіден, қазақ тілінің мемлекеттік мәрте­беге ие болған­ды­ғының арқасы. Жыл сайын ұйымдастырылып, бүгінде дәстүрге айналған фести­валь­дің ашылу салтанаты ерекше өтті. Бұл күннен бастау алған іс-шара бір айға жалғасып, Тіл мерекесінде қорытындыланбақ. Осы уақыт ішінде еліміздің барлық өңірлерінде тіл насихатталып, айтарлықтай кө­ңіл бөлінетін болады. Фестивальдің ашылу рәсімінде Мәдениет министрлігі Тіл комите­тінің төрағасы Құрманбай Шеру­байұлы ізгі тілегін білдірді. Ол өз кезегінде: Бүгін міне, еліміздің бар­лық облыстарында тіл фестивалі басталды. Одан өзге, республи­ка­ның бас қаласы Астанада айтулы мерекеміздің салтанатты ашылуы өтіп жатыр. Мемлекеттік тілімізді тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде орындайтын күн туғандығын мой­ын­дап, оған қолдау көрсету бәрі­мізге парыз деді. Ал осы шараны ұйым­дас­тыруға тікелей ұйытқы болған Астана қаласы Тілдерді да­мыту басқар­масының бастығы Ораз­күл Асанға­зы: Ата заңымыз­дың 7 бабында республика аумағын­дағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі делінген. Тіл басқар­ма­сын басқарған алты жылда алдыма өз құқығын қорғау мақсатында, мем­лекеттік тіл­дің қолданысқа енуі турасында «Қазақша қойған сұ­рағыма қазақ тілінде жауап қайыр­ма­ды, мені ана тілімізде қабыл­да­мады деп бірде-бір астаналықтың сотқа жүгінгендігін көрмедім. Әкім­шілік кодекстің 81 және 82-бап­тарында егер сен қазақша сөйлесең, саған ол тілде жауап бермесе, оны жауапқа тартатын бап бар. Бұл ретте астаналықтардың әлі де болса оя­нып, қазақ тілінен рухани қуат алу үшін осындай фестиваль ұйым­дас­тырып отырмыз, – деп мемлекеттік тілді насихаттаудағы өз ойын ортаға салды. Мерекелік кешке жиналған қау­ым бұл күні оқу-білімге, ғылымға, халқын, елін сүйіп қызмет етуге, адамгершілікке, қайырымдылық пен мейірімділікке, еңбек етуге шақыр­ған ұлы ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің, ұлы Абайдың, сон­дай-ақ қазақтың біртуар ұлы, ба­һадүр, батыр әрі қаламгер Бауыржан Момышұлының бейнелерімен қау­ыш­ты. Ғұламалардың сөздері ар­қы­лы тіл, дін, діл насихатталып, пат­риоттық өлеңдер оқылып, қазақтың әндері шырқалды. Биылғы тілдер фестивалінің Рамазан айымен тұспа-тұс келуінің өзін жақсы ырымға жоруға болады. Кеш­те жарапазан, ауыз әдебиетінің озық үлгілері айтылды. Халық қа­һарманы Б.Момышұлы: «Үш нәрсе­ден қорқа­мын. Біріншісі, бесік жы­рын айтпа­ған анадан қорқамын. Екінші, немересіне ертегі айтпаған әже мен атадан қорқамын, үшінші, қазақ қазақ­пен қазақша сөйле­ме­ген­нен қорқа­мын», – деген ғой. Сол өсиетке адал­дық болар дәстүрлі тілдер мерекесі бағдарламасына бесік жыры да енгізілген екен. Төл өне­ріміз ақындар айтысы да назардан тыс қалмады. Зал толы көрермендер Жақсылық Ор­ынбасар мен Мейіржан Әлібеков­тың мемлекеттік тілдің жай-күйі ту­ра­лы сөз сайысын тамашалады. Жұлдыз БАЙДІЛДА.