26 Желтоқсан, 2016

Ақтөбеде Монтессори орталығы ашылды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
unnamed-1 Ақтөбе қаласында алғаш рет «Aktobe kids» Монтессори орталығы ашылды. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту үшін қажетті жаңа нысанның іске қосылуына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. unnamed-2 -Бүгін Ақтөбеде маңызды нысан ашылып отыр. Әрбір баланың өзіндік бірегей мүмкіндігі бар. Соны дер кезінде анықтап, дамыту қажет. «Жаста берген тәрбие, жас шыбықты игендей» деп бекер айтпаған. Бұл бүлдіршіндердің бойындағы қабылетті ертерек ашуға алғышарт жзасайды. Осындай  методика бізде 4 балабақшада қолданыста бар. Дегенмен облыс орталығындағы мамандандырылған орталық бірінші рет ашылып отыр. Өз тарапымыздан біз мұндай жобаларды жүзеге  асыруға қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді орталықтың ашылуында сөз сөйлеген аймақ басшысы. unnamed-3 Орталық 500 м2 алаңға орналасқан және 75 орынға есептелген. Монтессори әдісімен сертификатталған  оқытушылар бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға тәлім береді. Орталық өкілдерінің айтуынша, негізгі мақсат - баланың тұлға ерекшеліктері мен дағдыларының қалыптасуына мүмкіншілік туғызу және де интелектуалдық, жеке бас қасиеттері мен физиологиялық дамуын жүзеге асыру болып табылады. Яғни тәрбие және білім беру процесі үнемі қатар жүреді. Жұмыс жасау барысында баланың жас ерекшелік психологиясы, даму процесінің психофизиологиялық заңдылықтары ескеріле отырып, әрбір балаға ерекше көзқараспен қарым - қатынас жасалады. Сонымен қатар, бүлдішіндердің жан-жақты дамуы үшін шахмат, ментальды арифметика, зумбакидс ойындары және қазақ, ағылшын тілдері үйретіледі. unnamed-4 Сатыбалды Сәуірбаев, "Егемен Қазақстан". Ақтөбе.