28 Желтоқсан, 2016

28 желтоқсанға арналған ауа райы

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар жауады, республиканың оңтүстік-шығысында тау және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с. Жарма ауданында екпіні 25 м/с күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын болады. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында түнде екпіні 23 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.