28 Желтоқсан, 2016

Маңғыстау ауданының шалғайдағы ауылдарына газ тартылды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Маңғыстау ауданында «Шөлтөбе-Ұштаған-Басқұдық-Жарма» газ құбыры іске қосылып, Ұштаған, Басқұдық және Жарма ауыл тұрғындарының үйінде көгілдір отын пайда болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 92,67 шақырымды құрайды. «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорынан аталмыш газ құбырына 898 576 000 теңге қаражат бөлінген. «Бүгінде аудандағы әлеуметтік мәселелер толыққа жуық шешілді деуге болады. Барлық ауылдарда бала-бақшалар жұмыс жасайды. Соңғы жылдары ауданның жеті елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулаториялар іске қосылды, барлық ауылдарда автомобиль жолдары жаңартылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Алдағы жылдары да ел қажеттілігіне қарай әлеуметтік нысандар салына беретін болады. Міне, бүгін Маңғыстау ауданының кішкентай екі ауылына газ келді. Сіздерді осы қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Үйлеріңізден жылу кетпесін!» – деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.