28 Желтоқсан, 2016

Алматыда 300 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-12-16-mektep

Алматы облысында 300 орындық жаңа мектеп ашылды. Қарасай ауданының Үштерек ауылында пайдалануға берілген нысан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаңа мектептің  құрылысына ұлттық қордан және жергілікті бюджеттен 897 млн теңге қаржы бөлінді. Айта кетейік, бұған дейін Үштерек ауылында бастауыш  мектеп қана болған. Оның өзінде оқушылар үш ауысыммен оқып, ал жоғары сыныптағылар көрші Үшқоңыр ауылына барып білім алатын. Енді жаңа заманауи мектепте оқушылардың толыққанды білім алуына жағдай бар, дейді  мектеп директоры  Анар Айдынбаева. «4 лингафондық-мультимедиялық кабинет, 100 адамға арналған асхана, 72 орындық мәжіліс залы, физика, химия, информатика және спорт залы бар. Жалпы жаңа мектептің аумағы 5236 шаршы метр», – дейді А.Айдынбаева. Аталған нысанның құрылысы  2015 жылдың наурыз айында басталған. Жаңа жыл қарсаңында пайдалануға берілген білім ордасының ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов қатысты.