28 Желтоқсан, 2016

Қытай Сирияға қатысты келіссөзді Астанада өткізуді қолдайды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қытай Астанада Сирияға қатысты кездесу өткізуді қолдайды. ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. "Қытай бейбіт келіссөздердің жылдам жаңаруына алып келетін барлық күштерді қолдайды. Біз Сирияда барлық тараптар түйісу орнын кеңейтіп, елдің, адамдардың мүддесін ескеру үшін тәсілдердегі айырманы азайтып, диалог пен консультация арқылы саяси келісімге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", - деді Қытай Астанада Сирия бойынша Ресей, Түркия, Иранның қатысуымен өтетін келіссөз раундынан не күтеді деген сұраққа жауап берген Хуа Чуньин. Оның айтуынша, Қытай бейбіт саяси келіссөздер - сириялық мәселені шешудің жалғыз практикалық жолы деп санайды.