Forbes басылымының пікірінше, бірінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жек өткізуден бас тартамын деп беделіне нұқсан келтіріп алды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Дегенмен, мексикалық боксшы 2016 жылғы MVP рейтингінде Головкиннен алға шыққан болатын.
«Канело» біраз ақша тапты, бірақ Геннадиймен жұдырықтасудан бас тартып, беделіне нұқсан келтіріп алды. Бұған қоса, Мигель Коттомен кездесуі PPV сатылымында көрсеткіші 900 мың еуроға, Амир Ханмен болған кездесуі 600 мыңға, ал Лиам Смитпен кездесуі 300 мыңға түсіп қалды. Ол өз абыройын қалпына келтіру үшін біраз тер төгуі тиіс», – деп жазады Forbes.
Айта кетейік, қос боксшының арасындағы айқас 2016 жылы өтуі тиіс болатын. Бірақ «Канело» мамыр айында орта салмақтағы WBC белбеуінен өз еркімен бас тартып, салмағын бірінші орта салмаққа ауыстырған. Дегенмен, Головкин мен Альварес арасында 2017 жылдың қыркүйек айында кездесу өткізу туралы ауызша келісім бар.
Бұған дейін мексикалықтың Геннадиймен ұрыс өткізуді жоспарлағаны хабарлаған. Басты мәселе қаржы жағдайына тіреліп тұр.
• 28 Желтоқсан, 2016
Forbes: Альварес Головкинмен кездесуден бас тартып, беделіне нұқсан келтірді

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше