28 Желтоқсан, 2016

"Егемен" қызметкерлері балаларына жаңажылдық кеш өтті

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
era_4753 Бүгін «Егемен Қазақстан» газеті қызметкерлерінің балалары мен немерелеріне арналған дәстүрлі жаңажылдық кеш өтті. Ол Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма тетрында ұйымдастырылды. era_4759 Бұл жаңажылдық шыршаға 12 жасқа дейінгі балалар қатысты. Тақпақ айтып, Аяз Атадан түрлі сыйлықтар алған балдырғандарға шара барысында түрлі ойындар да ұйымдастырылды. era_4959 «Егемен» ұйымдастырған бұл шырша бұған дейінгі жаңажылдық мерекелерінен өзгешелеу болды десек те болады. Өйткені, бұл жолы балдырғандарға жаңажылдық сыйлықтардан бөлек, танымал ертегі – «Күлше қыздың» қойылымы ұсынылды. Бұл қойылымда Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының майталман әртістерінің ойнауы жаңажылдық кештің мән-маңызын арттыра түскендей болды. era_4964 Жалпы, жаңа жыл мерекесін ересектерге қарағанда сәбилер асыға күтеді. Олар аталған мереке жақындай түскенде ерекше дайындала бастайды. Әсіресе, жаңажылдық шыршаның жанында қол ұстасып ән айту, би билеу сәбилер үшін ерекше бір ғанибет. Бұл сәттер, әрине, балалардың ұзақ уақытқа тәтті елес болып қалып қояды. Ал ата-аналар үшін баласының қуанғанын көру – бір бақыт. era_5012 Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан». Суретерді түсірген Ерлан ОМАРОВ