29 Желтоқсан, 2016

Ірі ұтысқа ие болды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған «Түбір­тек талап ет – сыйлық ұтып ал!» акция­сы шеңберінде бас жүл­деге тігілген «Chevrolet» автокөлігін Равиль Хай­руллин есімді Петропавл тұрғыны ұтып алды. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті 46345 чек жинап, алты жеңімпаздың әрқайсысына 30 мың теңгенің бағалы сыйлықтарын табыс еткен. Бұл шараға 789 адам атсалысып, ең көп түбіртек жол­даған екі қатысушыға ынталандыру сыйлықтары берілген. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұсынған рес­пуб­ликалық автокөлік ұты­сына 27 мың қаза­қстандық қатысты. Ойын­­ға беделді комиссия төре­лік етіп, ашық жағдайда өткі­зілді. «Ба­қытты түбіртек» ком­пьютерлік бағдарлама арқы­лы таңдалды. Акцияның бас жүлдесі «Chevrolet» ав­то­көлігін «Қа­зақтелеком» АҚ облыстық филиалының қыз­меткері Ра­виль Хайруллин ұтып алды. 100 мың және 300 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай сертификаттар ұтыс­тары алматылық және оңтүс­тікқазақстандық тұрғындарға бұйырды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» ПЕТРОПАВЛ