Белгілі зерттеуші қаламгер Амантай Кәкен қылышынан қан тамған қызыл империяның тұсында Қазақстанда неміс автономиясын құруға қарсы бас көтерген 1979 жылғы Целиноград оқиғасына байланысты «Познание себя», «Шырғалаң», «Кремлевский колоброд» атты кітаптары арқылы тарихтағы ақтаңдақтарды зерттеудегі тыңғылықты шеберлігімен танылып, қазақ оқырмандарын елең еткізген еді. Одан кейінгі жылдарда қаламгер сәкентану үрдісіне терең ден қойды. Сәкентану ілімін ілгерілеткен Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайылов, Серік Қирабаев, Тұрсынбек Кәкішев сияқты заңғарлардан кейін бұл тақырыпқа жүрексінбей қалам тартып, қала берді тың деректер тауып, батыл тұжырымдар жасау мүмкін еместей еді.
Алайда, Амантай Кәкеннің «Қазақтың Сәкені» атты алғашқы зерттеу-эссесі көзіқарақты оқырмандарын бірден баурап алды. Кітаптың алғашқы тарауларынан-ақ сәкентану іліміне сүбелі еңбек қосылғаны, сәкентанушы қаламгерлер қатары кең тынысты, терең зерделі зерттеушімен толыққаны айқын танылды. Одан кейінгі кезеңде Амантай Кәкеннің «Непокоренный сын степи», «Сәкен Сейфуллин», «Сәкен тағылымы» атты толымды еңбектері жарық көрді. Енді міне, Астанадағы «Жасыл орда» баспасынан қаламгердің «Сәкен жолы» атты кезекті тың туындысы оқырмандарына жол тартты.
Қазақтың біртуар перзенті Сәкен тағдыры ауыр да асқақ. Аумалы-төкпелі кезеңде саналы еңбек жолын бастаған Сәкеннің өмірі қандай шырғалаңға толы болса, жендеттер қолынан қапыда мерт болған ақиық ақынның қаза болғаннан кейінгі тағдыры да алыпқашпа әңгімелерге толы болды. Асыл ақынның еңбектеріне сын айтып, есіміне көлеңке түсіргісі келгендер де аз болған жоқ. Бірақ халық ақиық ақынын жазадан да, жаладан да ақтап алды. Бұл ретте зерттеуші қаламгер «Сәкен жолы» кітабының алғысөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақтың біртуар перзенті, аса көрнекті мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин халық жадында мәңгі сақталар жан, асылдардың асылы, аяулылардың аяулысы деп еске аламыз. Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ел, қайтпас қайсар күрескер», деген жүрекжарды лебізімен ашады. Қазір танымал сәкентанушылар қатарына қосылған зерттеуші қаламгер Амантай Кәкеннің «Сәкен жолы» атты бұл еңбегі де ақиық ақынға қатысты тарихи ақтаңдақ шындықтарды ашуға арналған. Қаламгер осы бір толымды, деректі зерттеу еңбегі арқылы тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі қоғамдық өміріндегі Сәкен Сейфуллиннің айшықты орнын жарқырата көрсетуге тырысады. Автор бұл мақсатын жалаң сөзбен ғана емес, бұлтартпас тарихи шындық арқылы, мұрағат қойнауынан алынған деректер арқылы тұжырымдайды.
Тілі жатық, ойы терең бұл шығармада дала дауылпазына қатысты тарихи шындықтың сан алуан қатпарлары ашылған. Сонымен бірге, кітапқа автордың Сәкен туралы ертеректегі кейбір сұхбаттары, ой-пікірлері мен тұжырымдары да енгізілген. «Сәкен жолы» атты осы еңбегі арқылы Амантай Кәкен дауылпаз ақын Сәкен тақырыбына адалдығын тағы да көрсетті.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Қоғам • Бүгін, 21:50
Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55