Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қамқорлығы
Бүгінде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, оларды кәсіпкерлікке тарту міндеті күн тәртібінде тұр. Елбасының бұл тапсырмасын орындаудың тиімді бір жолын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ұсынып, аграрлы салада жақсы нәтижеге жетіп отырғанын ауыл халқы растауда.
Алматы облысының Қаратал ауданындағы Үштөбе ауылының тұрғыны Қайрат Баекенов тұрақты жұмыс орнын таба алмай жүрген жандардың бірі еді. Жалдамалы жұмыс, жеке автокөлігімен адам тасу секілді күнкөріс көздерін істей жүріп аудандағы Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз санаты бойынша тіркелген болатын.
Көп ұзамай «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелеуге жолдама алды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жүзеге асыратын «Береке» бағдарламасына сәйкес мал бордақылауды дамыту бағытында жұмыс бастауға жолы ашылды. Заңнама талабына сай ауыл шаруашылығы саласы мамандарының көмегімен құжаттар еш кедергісіз толтырылып 1,6 миллион теңгені 4 жылға жылдық 6 пайыздық үстемемен лезде алғанында абдырап қалғаны да ақиқат. Себебі, жылдар бойы ауылда жұмыссыз жүрген жанның отбасын асырау, өсіп келе жатқан балаларды оқыту, киіндіру секілді сан алуан мәселелері жетіп артылатын.
Содан нар тәуекелге салып, бірден 10 бас ірі қара сатып алды. Тонналап мал азығын да дайындап үлгерді. Сабақты ине сәтімен дегендей, ісі алға басып берді. Мал басын сақтап, өсімінен түскен пайданы шып-шырғасын шығармай келісімшартта көрсетілген кестеге сәйкес, тоқсан сайын 114 мың теңгеден қорға құйып отыр.
Шыны керек, «Бал ұстаған бармағын жалайды» дегендей, жемшөп сатып алу, уақтылы малдәрігерлік қызмет көрсету секілді қажеттіліктерден асқан қаражат отбасы керегін толық өтеп отыр. Ең бастысы – «Береке» бағдарламасы үйдің берекесін кіргізді.
Үштөбелік Қайрат Баекеновтің осынау ілкімді ісі ауылдастарына ғана емес өңір халқына үлгі болуда. Ауылдастары үлгі тұтып қана қоймай, «Адамның істегенін адам істейді біз неге алға ұмтылып «Береке» бағдарламасымен берекемізді кіргізбейміз?» деп отырғанын жасырып қайтеміз.
– Басты мақсатымыз – ауылды жердегі кәсіпкерлікті дамыту, – дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Мәди Ибадуллаев. – Мемлекеттік саясатқа сай еңбек етемін деп ұмтылған жанға бірінші қажеттілігі болып табылатын қаражат мәселесін шешуге көмектесеміз. Сөйтіп, қолжетімді әрі төменгі пайызбен ауыл шаруашылығы саласына шағын несие береміз. 2016 жылы «Береке» бағдарламасының ұстанымы нақтыланып, Алматы облысына «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»-ның екінші бағыты бойынша қарастырылған 2,9 млрд теңгенің 80 пайызынан астамы мал бордақылау саласына бөлінді. Филиал 150 алаңды қаржыландыруды жоспарлап, биыл 857 отбасылық мал бордақылау алаңын ашуға 2,8 млрд теңге бөлді.
Аграрлы облыс тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі мал бағып, жер өнімдерін өсіру болып саналады. Тек ұқсата білген дұрыс. Бұл ретте қоңы тайған малды арзан бағаға сатып алып, бордақылап сатудың пайдасы мол. Саралай білген адам таза еңбектің өтеуін көреді. «Береке» бағдарламасы аясында қолжетімді әрі төменгі пайызбен несие алған азаматтар, отбасыларын асырап, ауылдастарына жұмыс орнын ашады, сауда нүктелеріне ет тапсырады. Мемлекетке тиісті салық төленетіні өз алдына.
Отбасылық шағын ғана мал бордақылау алаңы біртіндеп ұлғаяды. Ауқымы үлкейген сайын жауапкершілігі де артады. Мемлекет тарапынан мұндай шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру жұмыстары да қолға алынды, ал кооперативтің мүмкіндіктері бұдан да көп. Шағын бордақылау алаңдарының көбеюі нәтижесінде экологиялық таза өнімді жергілікті сауда орындарына жеткізетін кәсіпкерлермен қатар, экспортқа шығаруға өзіндік үлес қосушылар анықталып, іріктелетіні тағы бар.
Әлия ЕҢСЕБАЕВА
Алматы облысы

Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52