Қоғам • 13 Қазан, 2024

Қарағандыда көктайғақ салдарынан автобус жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды полиция департаменті автобус көктайғақ салдарынан жаяу жүргіншіні қағып өлтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда көктайғақ салдарынан автобус жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

- 12 қазан күні сағат 19:00 шамасында Липецк көшесінде 53 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі көктайғақ жағдайында 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол алған жарақаттарынан көз жұмды, – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметтері бойынша күннің күрт сууы және көктайғақ салдарынан өңірде 22 жол-көлік оқиғасы болған.

Шахтинск және Теміртауда да жол-көлік апаттары болып, нәтижесінде екі адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Бір тәулікте ішінде тіркелген 19 жол-көлік оқиғасы жәбірленушілер мен зардап шеккендерсіз өтті.