29 Желтоқсан, 2016

Өткен апта соңынан бері мұнай тұрақты қымбаттауда

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Астана уақытымен таңғы 09:00 шамасында Лондон ICE қор биржасында қара алтын құны 56,95 долларға дейін жетті. Жалпы, желтоқсанның 22-нен бері мұнай бағасында тұрақты өсім бар. 22 желтоқсан күні Брент маркасының бағасы 54,50 доллар айналасында болса, бір апта ішінде қара алтын 2,50 долларға дейін қымбаттады. Бұл көрсеткіш бір жарым жыл бұрынғы максимумға жақын екені айтылады. Шикізат бағасының бұлайша қарқынды көтерілуіне себеп болған фактор - ОПЕК+ (ұйымға мүше және оған кірмейтін мұнай экспорттаушы мемлекеттер) келісімінің іске асырылуына санаулы ғана күндердің қалуы. Естеріңізге сала кетейік, өткен айдың соңында ОПЕК+ елдері 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап тәулігіне мұнай өндірісін 1,8 млн баррельге азайтуға келіскен еді.