30 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар, тұман, көктайғақ, жел күшейеді. Тек қана еліміздің батысында ғана жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде оңтүстік-батыс облыстарында жел екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.