Мәжілісте палата төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Бақытбек Смағұл Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдаған еді. Онда төмендегі мәселе көтеріліп, былай делінеді: «Менің атыма «Ауған соғысы мүгедектерінің Қазақстан Республикасындағы қоғамының» өкілдері жүгінді. Олар әзірлеген «Онлайн сурдоаударма қызметі» ағымдағы жылы «Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрме-конкурсында ең үздік әлеуметтік жоба болып танылды. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік органдар қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемелерге сурдоаудармашыларды ұстап тұру қымбатқа түседі. Оның үстіне, республикада ымдау тілі мамандарына деген тапшылық байқалуда. Осының салдарынан заңнама талаптарының барлығына қарамастан, барлық меншік нысандарындағы ұйымдарға есту бойынша мүгедектердің ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету көп жағдайда мүмкін бола бермейді. Ал отандық «Онлайн сурдоаударма қызметі» (әрі қарай «SURDO-ONLINE») инновациялық өнімі бұл проблеманың шешіміне айнала алады. Ол есту қабілетінен айырылған азаматтарға кез келген жерде және дәл керек уақытта компьютер немесе смартфон арқылы қашықтықтан сапалы сурдоаударма ұсынады. Сурдоаударманы дипломы бар, білікті, аттестаттаудан өткен мамандар тәулік бойы жүзеге асырады. Бұл жобаның жұмысы қарапайым: есту бойынша мүмкіндігі шектеулі жан қызмет немесе көмек алу үшін келгенде, мемлекеттік мекеме персоналы тек Интернет арқылы «SURDO-ONLINE»-ды іске қосса, жеткілікті. Оператормен байланыс орнатылғаннан кейін смартфонның не компьютердің экранында сурдоаудармашы пайда болады және ол мүмкіндігі шектеулі адам мен мемлекеттік құрылым қызметкері арасында аударма жасайды. Бұл әлеуметтік жоба, біріншіден, бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, «SURDO-ONLINE» басшылығы өз қызметін кеңейту үшін Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жолданатын ымдау тілі мамандарына жаңа жұмыс орындарын ашуға дайындығын білдіріп отыр. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтен бастап, жергілікті әкімдерге дейінгі барлық мемлекеттік органдарға мүгедектер бірлестіктерімен жұмысты күшейтуді жүктеген болатын. Бұл ретте есту қабілетінен айырылған азаматтардың қоғамдық бірлестіктерін және олардың жобаларын қолдау бағытында, елімізде есту қабілеті шектеулі адамдарды қоғамға кіріктіру мәселесін жүзеге асыруға ықпал етсеңіз. Себебі, бірқатар елдерде, соның ішінде көрші Ресейде ымдау тілін оқытушыларды және ымдау тілі аудармашыларын даярлауды және қайта даярлауды мемлекет қамтамасыз етеді. Осы айтылғандарды ескере отырып, «SURDO-ONLINE» қызметін мемлекеттік органдарда ендіру мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын».
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті
Бокс • Бүгін, 12:02
Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында Иордания боксшысынан жеңілді
Бокс • Бүгін, 11:40
Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Бокс • Бүгін, 11:27
Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30