31 Желтоқсан, 2016

Дәрі шөпке бәрі құмар

917 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
moyynkumnyn-ken-dalasynda-sungyla-deМойынқұмның кең даласында сұңғыла деген шөп өседі. Ел оны кейде «сайсағыз» деп атаса, ғы­­лыми әдебиеттерде цис­тан­хе деп көрсетілген. Бұл өсім­дік Қытай, Корея, АҚШ-та таза түрін­де немесе өсімдік дәрі­лік ретін­де қолда­нылады. Көп өндірілген­дік­тен, соңғы жылдары бұл елдерде сұң­ғыланың қоры азайған. Ал Қазақ­станда бұл өсімдіктің қоры жеткілікті. Бастапқыда Алматы облы­сының Бақанас және Жамбыл облы­сының Мойынқұм ауылында өнді­рілуші еді. Соңғы жылдары тек­ Мойынқұм жерінен ғана жина­луда. Себебі, осы аймақта өсетін сұң­­­ғыла өсімдігінің химиялық құра­­м­ы сапалық жағынан ерек­ше­лігі бар. Қазақстанның табиғатында халық игілігіне пайдаланылып жүр­ген пайдалы өсімдіктердің тағы бірі – қызыл мия. Бұлар дәрі-дәр­мек өндіру саласында бағалы дә­рілік шөптер болып саналады. Әсіресе, медицинада қызыл мия­ның орны баға жетпес. Соңғы жыл­дары цистанхе мен қызыл миядан қатерлі ісікке қарсы әр түрлі препараттар жасалуда. Жамбыл облыстық табиғи ре­сурстар және табиғатты пайдала­нуды реттеу басқармасы басшы­сы­ның орынбасары Жасұлан Ха­на­лиев қазір қызыл мияның шикі­зат қорын анықтап, оған ерекше мән бе­ру керек екенін айтады. Өй­т­­ке­ні, соңғы жылдары Қытай мен Жа­­пониядан сұраныс артуына бай­­­ланысты өсімдіктерді заңсыз жол­­мен жинайтындардың қатары артқан. Осыған шек қою мақсатында биыл­­ғы жылдың 9 айында ор­­­ман шаруашылығының маманда­­­ры және ормандарды жедел қор­ғау тобы қызметкерлерімен заңсыз дә­­рілік шөп жинағаны үшін 128 хат­­­тама толтырылып, оларға 717,5 мың теңге айыппұл са­лыныпты. Оның өндірілгені – 470,7 мың тең­ге, ал келтірілген залал 488,8 мың тең­гені құраса, оның 359,9 мың тең­гесі өндірілген. Алда­ғы уа­қыт­та заңсыз дәрілік шөп­терді қа­зу, жи­­нау, сақтау және т.б жол­да­ры­на тосқауыл қою үшін орман қо­ры ме­­кемелері қыз­мет­керлерінің жұ­мыс­­­­тары күшейтілуде. Айтпақшы, жақында Шу ау­данын­да мия тамырын өңдейтін зауыт іске қосылды. Жобаны жүзеге асыруға  900 млн теңге жұмсалды. – Жапониядан жеті маман келіп, қондырғыларды  орнатып берді. Олар  қойған қондырғыларды тек­се­ріп, алғашқы өнімді өңдеп көр­дік. Қазір  өңдеуге жарамды нақты 100 тонна мия тамыры қоймада сақтаулы. Міне, осы өнім­ді өңдеп берсек, жапондықтар оны еліне апарып дәрі шығарады. Ол дәрі қазақстандықтарға да қолжетімді болмақ. Сондай-ақ, Жапонияға мамандарымыз барып, дәрі шығару технологиясын үйреніп келеді. Осылайша, бірер жылда мия тамырын өңдеп қана қоймай, одан  дәрі шығаруды өзімізде қолға алу жоспарлануда, – дейді бұл жөнінде «ҚазМия» ЖШС директоры Олжас Әбдешов. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы