Еліміздің барлық өңірлерінде «Қазпошта» бөлімшелері жаңарту бағдарламасынан өтпек. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының трансформациялау бағдарламасы аясында алға қойған мақсаты – 100 бөлімше тұтынушыларына қолайлы жағдай жасау. Ел егемендігінің жиырма бес жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан жоба аясында Сыр елі жаңа қызметтерге қол жеткізуде. Бұл ретте, қолданушылардың талаптары ескерілгенін айта кеткен жөн. Мәселен, жұртшылықтың біраз бөлігі кезекте тұрған уақыттың көптігін айтқан болатын. Ендігіде сәлемдемелерді кезексіз, тіпті кез келген уақытта алу мүмкіндігі ұсынылмақ.
Тұтынушыларға қолайлы болу үшін «сәлемдемелер супермаркеті» іске қосылады. Бұл дегеніміз, сәлем-сауқат келген тұрғынға СМС-хабарландыру жіберіледі, кейін ол өз пошта бөлімшесіне өтіп, бар болғаны бірнеше минуттың ішінде кезексіз өз заттарын ала алады.
«Қазіргі уақытта корпоративтік клиенттеріміз үшін арнайы аймақ ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, банкомат, терминал мен постомат құрылғылармен толық қамтылған, 24 сағат қызмет көрсететін өз-өзіне қызмет көрсету аймағы да іске қосылмақ», дейді «Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалының директоры Әнуарбек Әбдімомынов.
Қажетті құрылғылардың барлығымен қамтылған өзіне өзі қызмет көрсету мен сәлемдемелер супермаркеті тұтынушылардың біраз уақыт бойы шағым түсірген «кезек күту» мәселесінің бірден-бір шешімі болып отыр.
Сонымен қатар, байланыс бөлімшелерінің барлығы да бірыңғай электронды кезек жүйесімен, бейнебақылау және өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етілмек. Көңілге қонар игі бастамалардың тағы біреуі – мүмкіндігі шектеулі жандар мен сәбилі келіншектер үшін қолайлы жағдай жасау. Жаңартылған бөлімдер валюта айырбастау, ақша аударымдарын жүргізу кассаларымен де қамтылмақ. Халық игілігіне қызмет етуді негізге алған «Қазпошта» АҚ өкілдері әлі де өзгерістер орын аларын жеткізді.
Ал жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттер үшін арнайы аймақтар қарастырылған. Бұрын пошта қолданушылары белгілі бір қызмет үшін айтарлықтай уақытын жоғалтатын болса, енді өзіне тиімді кезде келіп, қажетті жұмыстарын бірнеше минут ішінде іске асыра алады.
Осы тектес жұмыстар әлі де жалғасын табады. Клиенттердің талабына жауап беруге тырысатын «Қазпошта» АҚ-тың алға қойған мақсаттары мол.
Азиза ЕЛЕМАН
ҚЫЗЫЛОРДА

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026