2016 жылғы 31 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі залының алдына Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, сондай-ақ ҚК-нің ресми залындағы келіссөздер үстелінде және жабық келіссөздерге арналған бөлмесінде еліміздің ағылшын тіліндегі атауын қамтитын тақтайшасын орнату рәсімі болып өтті.
Қазақстанмен қатар, ресми уәкілеттілігі 2017 жылдың 1 қаңтарынан басталатын, Қауіпсіздік Кеңесінің жаңадан сайланған басқа да тұрақты емес мүшелері - Боливия, Италия, Швеция және Эфиопияның тулары мен тақтайшалары орнатылды. Бұл елдер, өз кезегінде, тиісінше Малайзия, Венесуэла, Испания, Жаңа Зеландия және Анголаның орнын басады. Аталған рәсім Кеңестің тұрақты емес мүшелігіндегі жаңа бестіктің өз жұмысын бастайтындығын білдіреді.
Біз бұл құрылымның құрамына өтуде, бұдан бұрын Кеңеске сайланған және аталмыш лауазымда жұмыс істеу тәжірибесі бар, әлемнің түкпір-түкпіріне өз бітімгерлерін жолдау арқылы Кеңестің күнтәртібінде тұрған мәселелерді шешу үдерісіне едәуір үлес қосып жүрген, лайықты қарсыластың қатаң бәсекелестігіне тап болдық.
Еліміздің ресми өтінімі бойынша Азия-Тынық мұхиты тобынан Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жж. арналған кезеңнің тұрақты емес мүшелігіне сенімді жеңіспен сайлану Қазақстанның 2016 жылғы сыртқы саясаттағы негізгі жетістігі болып табылады. Өйткені 1945 жылдан бергі БҰҰ-ның тарихында бұл органға әлемнің ең үлкен құрлығынан 23 ел ғана сайланып, сонда жұмыс істеген. Олардың қатарында Қытай, Жапония, Корея Республикасы, Үндістан, Пәкістан, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Филиппиндер, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты қуатты мемлекеттер бар.
Енді Орталық Азиялық ауқымды өңірінің өкілі ретінде, осы елдердің қатарына Қазақстан да қосылмақ. Бұл жаңа табыс, ҚР іс жүзінде бүкіл әлемге сыйлы, БҰҰ ҚК-нің үш жетекші комитетін басқару сеніп тапсырылған беделді мемлекетке айналғанын және өзара сенімнің төмендеуі жағдайында жетекші алпауыт елдердің арасында байланыс көпірін орната алатын ел екендігін көрсетеді. Бүкіләлемдік Ұйымның барлық қатысушыларының үштен екісінен астам көпшілігі бізге дауыс берді. Осылайша, Қазақстанның халықаралық турбуленттілік жағдайындағы «Жаһандық қауіпсіздік үшін біріккен» деген ұраны әлемнің көптеген елдерінде қолдау тапты.
БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі ұйымның бас органдарының бірі болып табылады және оның шешімдері заңдық міндеттеуші күшке ие. БҰҰ-ның жылдам және тиімді іс-әрекет етуін қамтамасыз ету үшін мүше-мемлекеттер ҚК-не халықаралық бейбітшілікті және қауіпсіздікті сақтау жөніндегі басты жауапкершілікті жүктеген және Кеңестің өз міндетін атқару барысында мүше-мемлекеттердің атынан іс-әрекет жасайтындығына келіскен.
Бір айта кетерлігі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017 жылғы күнтізбесіндегі алғашқы кездесу 3 қаңтарда жоспарланған, ал Қазақстан Республикасының Кеңестің тұрақты емес мүшесі ретінде өкілеттігі Нью-Йоркте пайдаланылатын АҚШ және Канада уақытына сәйкес жексенбі күні, 2017 жылғы 1 қаңтарда сағат 00:00-де басталды.

Қазақстандық таеквондошы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 22:01
42 жыл құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды
Қоғам • Бүгін, 21:45
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 21:25
Конго Эбола вирусының кесірінен әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 21:09
Нью-Йорктегі зауыттағы жарылыстан 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 20:41
Алматы тауларында үш күн байланыссыз қалған турист құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 20:26
Астанада кіші Талдыкөлдегі экопаркті абаттандыру жұмысы басталды
Қоғам • Бүгін, 20:12
Атырауда заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді
Заң • Бүгін, 19:35
АҚШ билігі грин-картаға өтініш беруді қиындатты
Әлем • Бүгін, 19:05
Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады
Қоғам • Бүгін, 18:55
Қазақстанның оқушылары халықаралық марапатқа ие болды
Білім • Бүгін, 18:30
Қарағандыда зейнеткерлерді алдаған алаяқ ұсталды
Заң • Бүгін, 18:15
Футболшы Дастан Сәтпаевқа арнайы академиялық грант табысталды
Спорт • Бүгін, 17:55
Қытайда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Бүгін, 17:42