05 Қаңтар, 2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №862

423 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
2016 жылғы 27 желтоқсан        Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   Б.САҒЫНТАЕВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №862 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер 1. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы №683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеумет­тік ауда­рымдарды есептеу және аудару ере­же­сінде: 3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың алатын табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады. Бұл ретте өзін өзі жұмыспен қамтыған адам­ның алатын табысы «Міндетті әлеу­меттік сақтандыру туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңы 15-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсатында айқындалатын табыстан аспайтын өз пайдасына әлеуметтік аударымдар есептеу мақсатында өздері дербес айқындайтын сома болып табылады.»; 7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Төлеушілердің банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – банктер) әлеуметтік аударымдарды қолма-қол ақша ныса­нында енгізуі «Төлемдер және төлем жүйе­лері туралы» Қазақстан Республи­касы­ның Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»; 10-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қате жіберген жағдайда, банк «Тө­лемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақ­стан Республикасының Заңына сәйкес жібе­рілген қателерді түзету жөнінде шаралар қабылдайды.». 2. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры­нан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзе­ге асыру қағида­ларын және зейнетақы төлем­дерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазан­дағы №1042 қаулысында (Қазақстан Респуб­­ли­касының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №58, 791-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнет­ақы төлемдерін жүзеге асыру қағида­ларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен зейнетақы жинақ­тары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздері өтініш жасаған кезде БЖЗҚ-ға: 1) өтініш; 2) егер Қазақстан Республикасы ратифи­кациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын; 3) алушының банк шоты туралы мәлімет­терді ұсынады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйе­лерінен өтініш жасаған шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Респуб­ликасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады. Өтініш жасаған шетелдіктің немесе азамат­тығы жоқ адамның Қазақстан Респуб­ликасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты Қазақстан Респуб­ликасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Респуб­ликасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарам­сыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда БЖЗҚ осы Қағидалардың 19-тар­мағында белгіленген мерзімдерде зейнетақы төлемін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр­хатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және оның жарамды­лығы туралы мәліметтер алынған, сондай-ақ өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Респуб­ли­касынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы мәліметтер болмаған жағдайда БЖЗҚ өтінішті осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген мерзімдерде оны қабылдаудан не орындаудан бас тартады.». 3. «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №60, 828-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде: 5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – алатын табысы. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу мақсаттары үшін адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін алынатын табыс Заңның 25-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлер шегін­де, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспайтын, олар дербес айқындайтын сома болып табылады. Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариус­тар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 пайыз есебінде БЖЗҚ-ға өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы;»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, агент міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді. Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді. Міндетті зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәсіл­мен төлеу банктер арқылы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Міндетті зейнетақы жарналарын Мемле­кеттік корпорацияға аударған кезде агент үш данада қағаз жеткізгіштегі төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлға­лардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімнің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсыр­маларының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агентке қайтарылады. Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарна сомасын және міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтиды. Арнайы салық режимін қолданатын агенттер, шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға Салық кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде МТ-102 форма­­­тындағы бір төлем тапсырмасымен «ААЖЖЖЖ» форматында міндетті зейнет­ақы жарналары төленетін кезеңдерді (ай/айлар, жыл) көрсете отырып, аударады. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 фор­матындағы төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы аудару әрбір ай үшін жеке жүргізіледі. Агенттер міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді төлемдер банк шотын ашпай жүргізілген кезде «Кезең» деген жолда, төлемдер агенттің банк шотынан ақшаны есептен шығару жолымен жүргізілген кезде «Төлемнің мақсаты» деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында «РЕКІОО» деген негізгі сөзде көзделген «ААЖЖЖЖ» форматында қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем құжаттарында көрсетеді.».