05 Қаңтар, 2017

Қазақстан туристерге баруға ұсынылатын елдер тізіміне енді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Американың белді The New York Times басылымы 2017 жылы туристерге баруға ұсынылатын 52 мемлекеттің тізімін ұсынды, оның 26-ыншы орнына Қазақстан орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақ елінің тізімге енуіне биыл Астанада ЭКСПО Халықаралық көрмесінің өтуі ықпал еткен. Қазақстан туралы берген мәліметтің тақырыбын басылым «Мұнайлы мемлекеттен эко-бағытқа» деп атаған. Астанада қонақүйлердің бой көтеру қарқынын атап өткен газет, елорда энергетика саласындағы келешек мәселелерді шешу мақсатында ағымдағы жылы «World Expo 2017» -ні өткізуге дайындық үстінде екендігін жазады. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Қазақстанның Тянь-Шань таулары да айтылған. Басылым туристерге баруды ұсынған 52 мелекеттің алғашқы орнында Канада, Чили, Үндістан, Швейцария, Боствана, Хорватия, АҚШ, Германия, Мексика елдері орналасқан. Басылым осы елдерде 2017 жылы болатын қызықты әрі маңызды оқиғалар, сондай-ақ көруге тұрарлық табиғи көрікті орындар жөнінде мәліметтер берген.