05 Қаңтар, 2017

Марк Цукерберг саясатқа араласуы мүмкін

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ басылымдары Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукербергтің соңғы кездері Силикон аңғарындағы компания басшысынан гөрі, үкіметтік мәселелермен айналысатын саясаткерлік қырларының байқалып жүргенін жазады. Бірер күн бұрын 2017 жылғы жоспарымен бөліскен кезде биылдан қалмай АҚШ-тың барлық штатын аралап шығатынын айтқан еді. Жас өнертапқыштың бұл сөзін сарапшылар бизнесменнің емес, саясаткердің сөзі екенін айтады. Сонымен қатар сол жолы Цукерберг өзінің дінді өмірдің өте маңызды бөлшегі ретінде танитынын мойындады. Ертеректе Марк атеистік көзқараста екенін мәлімдеген болатын. Ал 2016 жылы Цукерберг Силикон аңғарындағы компания өкілдерінің билікте өз өкілдерінің болуы керектігін айтқан кездері де болған. 2015 жылдың тамызында болса, Цуркеберг өткен жылғы сайлаудағы үміткер Клинтонның тобындағы сарапшылардың бірі Джон Подестамен хат алмасып, онда көпшілік алдында өзін ұстау әдептері туралы ақыл сұраған кездері болған екен. Бұл өзара алмасқан хат мәтіні кейін Wikileaks сайтына да шығып кеткен еді.