06 Қаңтар, 2017

Сал ауруына арналған қондырғы

198 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
gibadat-1Мүмкіндігі шектеулі жанның ішкі жан-дүниесін және оған қандай жолмен қол ұшын беру керек екендігін тек осы топтың өкілі тап баса алатын шығар. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі жан, есімі Орал өңіріне кеңінен танымал кәсіпкер Біржан Қожақовтың сал ауруына ұшыраған балаларға арналған қондырғы ойлап шығарғанына да осындай ізгілік тұрғысынан қараған жөн секілді. Ол дене тұрқын икемге келтіру үшін әр түрлі  арнаулы қондырғылар қажет деп есептейді. Біржан бұл ойын тек ой түрінде қалдырмай, тікелей іске асырды. Ашығын айтқанда, елімізде мұндай құрылғы шығарылмайды. Бұл жөнінен алдымен Ресейге және Түркия мен Германияға қа­райлап келгенімізді жасырып қай­теміз. Ал олар қазақшалап айтқанда, әкесінің құнын сұ­рай­ды. Оны тұрмысы төмен, қа­рапайым отбасылар мен ата-ана­лар­дың қалтасы көтере бермейді. Сондықтан Б.Қожақов осы олқы­лықтардың орнын толтыру­ды көздеп, ойлаған мақсатына жет­ті. Аяқ-қолды тіктеуге және бы­лқ-сылқ еткен денені икемге келтіруге көмегі тиетін қон­дыр­ғыға ол Ресей өндірісінің кей­бір өлшемдерін пайдаланған. Бі­рақ оны әжептәуір жетілдірген, оған фиксатор қосқан. Сөйтіп, әл­де­қайда икемді, реттеуші те­тік­тері жетілдірілген қон­ды­р­ғ­ыны ойластырып шығарды. Со­ған қарамастан балалардың сал ауруын емдеуге арналған отандық қондырғының бағасы импорттық тауарлармен са­лыс­тырғанда, 3-4 есе арзан. Қазақ­стан­дық қондырғының тағы бір ерек­ше­лігі, сал ауруына ұшы­ра­­­ған сәбилер мен балаларды қо­сым­ша қондырылған тетік­тің кө­мегі арқылы жатқан же­рі­нен түрегелетін жағдайға ауыс­ты­руға болады. Осындай ай­рық­­ша станоктардың алғаш­қы партиясын кәсіпкер Орал­да­ғы мүмкіндігі шектеулі бала­лар­ға арналған интернатқа аттан­дырған. – Менің мақсатым – сал дерті­не тап болған балалардың аяқ­тарын тік басып кетуі үшін орнынан көтерілуге көмек беру. Осы тұрғыда біз ойлап шығарған аппарат-реттеуші оларға өз сеп­ті­гін тигізе алады деген ойдамыз, – дейді газет тілшісіне Біржан Қожақов. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ