02 Ақпан, 2017

Сот жүйесін жетілдіру – күн тәртібінде тұрған мәселе

253 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Кеше Мәжіліс басшысы Нұрлан Нығматулиннің тө­ра­ғалы­ғы­мен палатаның кезекті жалпы отырысы болып, онда бес мә­селе қаралды. Отырысты ашқан палата Тө­р­а­­ға­сы өзінің сөзін Елбасының «Қазақстан­ның үшінші жаң­ғы­­руы: жа­һандық бәсекеге қа­бі­леттілік» атты Қазақстан хал­- қ­ы­на арнаған Жол­дауынан бас­тады. Оның ма­ңызы туралы айтып берді. Күн тәртібі бойынша қара­л­ған мә­селелердің арасында «Жайы­лым­дар туралы» және оған ілеспе заң жобаларына Сенат енгізген өз­­герістер мен толықтырулар алды­мен қаралды. Бұлар туралы заң жобасы авторларының бірі, Аграр­лық мәселелер комитетінің хат­шысы Жексенбай Дүйсебаев баян­­дады. Сенаттың енгізген өзге­ріс­тері және олардың қажеттілігі ту­ралы біз алдағы күндердің бірін­де жарияланатын сенатор Қуаныш Айтахановтан алған сұх­батымызда толығырақ айтатын боламыз. Ал Жексенбай Дүйсебаев өзі­нің баяндамасында екі заң жоба­сы­на да енгізілген өзгерістер тұ­жы­рымдамалық жағдайды бұз­бай­тындықтан, онымен келісуді ұсы­нды. Сөйтіп, келісім комис­сиясын құрмай-ақ, Мәжіліс депутат­тары бұл ұсынысты бір­ауыз­­дан мақұлдады. Енді заң жоба­лары «аридтік жайылымдар», «жайылымдарды суландыру», «жайылымдардың жемазық қо­ры» және т.б. түсініктермен то­­лықтырылатын болды. «Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның кей­бір конституциялық заң­­дарына өзгерістер енгізу ту­ра­­лы» заң жобасы жөнінде баян­да­маны Жоғарғы Соттың су­дья­с­ы Ақылтай Қасымов жасады. Ол заң жобасы Ұлт жоспарын одан әрі іске асыру бойынша 2016 жылғы 14 маусымда бол­ған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың берген тапсырма­сын орындау мақсатында әзір­лен­генін атап өтті. Өзгерістер «Қазақстандағы сот жүйесі және су­дья­лардың мәртебесі туралы» Кон­ституциялық заңға енгізіліп, судьялардың кәсіби іс-әрекетін бағалаудың қорытындысы бо­йынша жасалатын шараларды жетілдіруге бағытталған. Қолда­ныс­тағы заңнама бойынша су­дья­лардың кәсіби дайындығын ба­ғалау бес жылда бір рет өткі­зі­леді. Өмір тәжірибесі бұл істің дұ­рыс­тығына көз жеткізген. Алай­да, осы тәртіпті қайта қарау қа­жеттілігі туындап отыр. Қазір су­дья болып жүрген адам кәсіби дайын­дығын бағалау кезінде қа­нағаттанбайтын баға алған бол­са, ол біліктілігін арттыруға жі­бе­ріліп, қайта аттестаттау бір жыл­дан кейін болатын. Егер екін­ші аттестаттау кезінде де қана­ғат­тан­байтын баға алса ғана ондай адам­ның кәсіби біліктілігі судья қызметіне сәйкес емес деген ше­шім шығарылатын. Енді, баяндамашының айтуынша, ұсынылып отырған заң жобасы бойынша, алғашқы баға­лаудан сүрінген адам екінші рет аттестатталуға жіберілмей, су­д­ья­лықтан шеттетіледі. Ұсы­нылған өзгерістердің қата­рын­да судьялардың бір соттан екінші сотқа ауыстыры­луы ешқандай конкурссыз бо­ла­тындығы да айтылған. Соны­мен қатар, «Сайлау туралы» Заң­ға жалпылық декларация бе­ру­ді енгізу мерзімінің 2017 жыл­дың 1 қаңтарынан 2020 жыл­дың 1 қаңтарына ауыстырылуы­на байланысты өзгерістер енгі­зу ұсынылған. Сонымен қа­тар, ұсынылған өзгерістерде отстав­ка­ға шыққан судьялардың өмір бой­ғы төлемақысын бере отырып, бюджеттік ұйымдарда оқы­ту­шылықпен немесе ғылыммен айна­лысуына рұқсат ету мәселесі де қамтылған. Осы және басқа да ұсы­нылған өзгерістер судьялар кор­пусының жұмысын одан әрі же­тілдіруге және олард ың бай тә­жі­рибесін тиімді пайдалануға мүм­кіндік береді, деді сөзінің со­ңында А.Қасымов. Баяндама аяқталған соң депутаттар сұрақтар қойды. Соның ішінде депутат Сәкен Қаныбеков судьялардың аттестаттаудан өту кезінде теріс баға алып қалуына субъективті факторлар да әсер етіп қалары сөзсіз. Сондықтан, объективті бағалау жүргізу үшін қандай шаралар жасау керек деп сұрады. Оған А.Қасымов аттестаттаушы сот жюриінің құрамы 16 мүшеден тұратынын айта отырып, олардың субъективизмге жол бермесіне сенімді екенін жет­к­ізді. Оның үстіне, шыққан ше­шім Жоғары Сот Кеңесінде де жан-жақты қаралатынын айтты. Депутат Қанат Мусин аттес­тат­таудан теріс баға алған судья­ның ешқандай шағым бере алмай­тын­дығына наразылығын жеткізе ке­ліп, әділетсіз шешім шыққан бол­са, ол қалай қорғалады деген сұрақ берді. Баяндамашы сот жюриінің әділетті шешім шығарарына сенім білдіре отырып, қанағаттанғысыз баға алған адам­ның Жоғары Сот Кеңесіне ша­ғымдануға құқы бар екенін жет­кізді. Ал онда білікті адамдар, со­ның ішінде зейнетте жүрген заң­гер­лер де бар, деді баяндамашы. Осындай сұрақтардан кейін заң жобасы толықтай мақұлданды. Жалпы отырыста қаралған ке­лесі мәселе – «Жоғары Сот Ке­ңе­сі туралы» Заңға өзгерістер ен­гізу туралы заң жобасы болды. Басқа да өзгерістермен қатар, бұл заң жобасы судьялардың бас­қа жерге ауыстыруға келіс­пе­­ген жағдайында Жоғары Сот Ке­ңесінің оны жұмыстан шыға­ру­­ға өкілеттігі барын көр­сет­кен. Сон­д­ай-ақ, заң жобасы су­дья­лық­қа үміт­керлердің Жо­­ғар­­­ғы сот пен об­лыстық сот­тар­­­­дың жалпы отыры­сынан қо­ры­­тын­ды алу тәртібін және т.б. рег­­­ла­мент­те­ген. Бұл заң жобасы да бір­шама тал­­қылаудан кейін то­лық­тай ма­құл­­данды. Cонымен қатар, жалпы оты­рыс­та халықаралық жеке құқық жө­­нін­дегі Гаага конфе­рен­ция­сы­­ның жарғысын ратификация­лау бойынша заң жобасын жұ­мыс­­қа қабылдады. Жалпы отырыс соңында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жұ­мысының ашықтығы мен тиім­ділігін одан әрі күшейту мақ­са­тын­да енді Үкімет сағаттары да онлайн-режімде көрсетілетінін атап өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер қа­ралып болған соң, бірнеше де­­путат орталық атқарушы ор­ган­­дарға өздерінің сауалдарын жа­риялады. Ал бүгіннен бас­тап олар бірнеше топтарға бө­лініп, елі­­міздің аймақтарына ба­р­ып, Пре­з­иденттің кезекті Жол­дауы­ның мәні мен маңызын тү­сін­ді­ретін болады. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»