03 Ақпан, 2017

Еліміздің жолы талайға үлгі

202 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов елде тіркелген дипломатиялық корпуспен кездесті. Кездесу барысында ол елшілерге Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың конституциялық реформалар бойынша негізгі ұсыныстары мен «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі қағидаларын таныстырды. Министрдің айтуынша, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда Н.Ә.Назарбаев бастама еткен кең ауқымды реформалар Қазақстан дамуындағы жаңа про­гресті қамтамасыз етуге, ел­ді одан әрі демократияландыруға, мем­­лекеттік басқару жүйесін және ұлт­­тық экономиканы ел дамуының за­манауи кезеңі мен өзекті геосая­си және геоэкономикалық жағ­дай­ларға бейімдеуге бағыт­тал­ған. «Бұл реформа елді қазіргі за­манға сай дамыту қағидатына не­гіз­деле отырып жасалған, себебі, бұл жолмен әлемнің демократия жолын ұстанған тәжірибелі елде­рі жүріп өтті. Ол, ең алдымен, ат­қа­рушы жүйенің тиімділігін жо­ғарылатуға негізделген. Оның өзе­гінде қандай мәселе жатыр деген­ге келсек, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу біз­дің саяси жүйеміздің де­мократия­ла­нуына алып келері анық. Енді Үкімет пен Парламенттің рөлі мейлінше арта түспек. Бұл жерде біз айрықша мән беретін екі маңызды сала бар. Біріншіден, әлеу­меттік-экономикалық өкі­лет­тік­терді Президенттен атқарушы би­лікке берудің маңызы бар, ал билік өкілеттігін бұлайша бө­лу заңға өзгеріс енгізуді талап ете­ді. Екіншісі – анағұрлым қиын мін­дет. Бұл – конституциялық дең­гей­де Үкімет, биліктің тармақтары ара­сын­дағы қарым-қатынасты тепе-тең­дікте ұстау», – деді Сыртқы іс­тер министрі. Қайрат Әбдірахманов бұған қо­­са, Парламенттің рөлін нығай­ту­дың маңызды екенін де атап өтті. «Парламенттің рөлін күшейту – өте өзекті мәселе. Бұл Қазақстан Үкі­метінің Парламент алдындағы жау­ап­кершілігін де кеңейте тү­се­ді. Парламенттік сайлаулар­да же­ңіске жеткен партия Үкіметті қа­лып­тастыруда шешуші рөлге ие бо­­лады. Осы арқылы сайланған би­лік­­тің атқарушы биліктің үстінен ба­­қылауы күшейе түспек», – деді министр. Сондай-ақ, еліміз сыртқы сая­сат ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасының Кон­ституциясы мен заңдарына ұсы­нылудағы түзетулерді ел хал­қы­мен кеңінен талқылауға мем­ле­кет­тің айрықша мән беріп отыр­ға­нын атап өтті. Осы орайда Қ.Әбдірахманов мұндай пікір­та­лас­тардың нәтижесінде елдің би­лік өкілеттіктерін бөлу жүйесін ке­мелдендіру бойынша мазмұнды жә­не сындарлы ұсыныстар туын­дайтындығына сенім білдірді. Сыртқы істер министрі шетел­дік дипломаттардың назарын Қазақстанда инновациялық-тех­но­логиялық өндірістерді дамы­ту үшін ба­рынша жағымды жағ­­- д­айлар жасау­ды көздейтін б­и­ылғы Жолдаудың басты ба­ғыт­тарына аударып, елшілерді эко­номикалық дип­ломатия шең­беріне сәйкес, белсенді түрде өз елдерін Қазақстанмен өзара тиім­ді ынтымақтастықтың жаңа перспективаларымен таныстыруға шақырды. Бұған қоса, Қ.Әбдірахманов елі­міздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сін­дегі мүшелігі Қазақстанның ядро­лық қарудан азат әлем құру жө­нін­- ­д­егі бас­тамаларын, басқа да сы­рт­қы саяси игі ұстанымдарын ал­ға жылжытуға жол ашатынын сөз етті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Кеңестің тұрақты жә­не тұ­рақты емес мүшелерімен, БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер­мен тиімді өзара ықпалдастық орна­ту­ға жаңа мүмкіндіктер алатынын айт­ты. Шетелдік дипломатиялық корпус, сондай-ақ, 2017 жылдың 10 қаң­тарында Нью-Йорк қаласында ұсы­нылған Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңесінің мүшелеріне бағыттаған Саяс­и үндеуінде көрініс тапқан қа­зақстандық дипломатияның негізгі ба­сымдықтарымен де егжей-те­г­жейлі таныстырылды. Бұдан бөлек, жиын барысын­да Қазақстанның ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ сынды көпжақты құ­ры­­лымдар шең­беріндегі хал­ық­аралық әріп­тестермен ын­ты­мақ­тас­ты­ғының мә­­селелері қоз­ғал­ды. Сырт­қы істер ми­нистрі шет елде­р­дің ЭКСПО-2017 ха­лық­ара­лық мамандандырылған көр­ме­сі­не қатысу мәселелеріне бө­лек тоқ­та­лып, бүгінге дейін көр­меге 112 мем­лекет мен 19 ха­лық­ара­лық ұйым­ның қатысуы нақ­ты­лан­ға­нын жет­кізді. Кездесу қорытындысы бойынша, күн тәртібіндегі халықаралық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды және қазақстандық министр шетелдік дип­ломатиялық корпусты қы­зық­тыр­ған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»