04 Ақпан, 2017

Жаңғыру жолдары

273 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасының жаңа Жолдауының ерекше сипаты – мемлекетіміздің қазіргі замандағы дамуының түбе­гей­лі тұстарын зерделеп, оның сан қыр­­лы салаларын жүйелі түрде жаң­ғыр­ту мәселесіне мән беруінде. Тәуелсіздігінің ширек ғасырын атап өткен ел үшін болашаққа сенімді қадам жасау өзекті екені белгілі. Стратегиялық мазмұны бар құжатта анықталған бес басымдықтың әрқайсысы еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін аса маңызды. Экономиканың жаңа драйверлеріне үлкен үміт арта отырып, Елбасы осы ба­сымдықтарда транзитті қоғамның за­ма­науи кезеңіне сәйкес келетін өзін­­дік ерекшеліктеріне тоқталады. Де­мек, қа­зіргі заманның нағыз дамыған өрке­ниетті елдерінің қатарына қосылу үшін ескі экономикалық жүйені ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық сананы да өзгертуге тиіспіз деген ойды ортаға салады. Шын мә­нінде, Жапония, Корея, Сингапур, Тайвань, Малайзия сияқты Оңтүстік-Шығыс Азияның бірнеше елі батыл қадамдардың арқасында өздерінің әлеуметтік инфрақұрылымын, экономикасын ХХ ғасырдың аяғында түбегейлі өзгертіп, үлкен өркениеттік секірістер жасады. Сондықтан, оларды «Азия жолбарыстары» деп атайды. Әрине, жоғарыда аталған елдердің барлығы әрқилы даму сатыларынан өтті, сонымен қатар, әрбір елдің өзіндік қиындықтары, дараланған соқпақтары да болды. Олардың жүрген жолдарына, әлеуметтік тәжірибесіне назар аударғанмен, біздер тікелей көшірме жасай салмайтынымыз анық. Қазақстан жас мемлекет болғанымен, өзіндік ерекше жолы бар, әлеуметтік прогресс туралы өзіндік түсініктері бар ел. Мәселен, қоғамымызда соңғы жылдары белсенді түрде жасалып жатқан көптеген мемлекеттік реформалар әлем­де баламасы жоқ дүниелер болып та­былады. Оларды дағдарыстардан өту бойынша бұрын-соңды тарихта көрініс бер­меген қадамдар десе де болады. Мә­селен, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сияқты құжаттардың әлеуметке кенеттен келген дағдарысты кезеңнен абыроймен шығу үшін үлкен демеу болғаны, бағдар болғаны анық. Нұрсұлтан Назарбаев шынайы Көшбасшы ретінде өзінің сөй­леген сөз­­дерінде технологиялық жаң­ғы­ру­лар­мен қатар, азамат­та­ры­мыз­дың дү­ниетанымындағы сапалы өз­ге­ріс­тердің болғанын, технологиялық жаң­ғыр­тулар заманында инновациялық ой­лау­дың, мәдениеттің даму барысында же­тек­ші рөл атқаруға тиісті екенін айтып келеді. Қазіргі заманның сан астарлы талабы, сын-қатерлері Қазақстан жұртшылығын да айналып өтпейді. Біз де әлемдік дамудың, жаһандану үдерістерінің ауқымындамыз, сон­дық­тан әрдайым өзіміздің ұлттық кел­бетімізді, рухани мәдениетімізді жо­­ғалтпай, кемелдене беруіміз керек. Осы­ған орай қазақ, орыс және ағылшын тіл­дерін жас ұрпақтың меңгере түсуіне аса мән берілген. Еліміздің педагогтар кор­пусына осы салада үлкен зияткерлік жүк артылып отыр. Жолдауда инновациялық үдеріс­тер­дің әлеуметтік дүниенің барлық саласын қамтитыны айтылды. Ме­ди­­цина мен білім беру саласы, сау­да мен кәсіп­керлік жүйесі, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің бар­лық салалары «Цифрлық Қазақ­стан» бағ­­дарламасына арқа сүйеп, тиім­ді қызмет көрсетуі тиіс екені атап көр­­­сетілді. Әлемнің озық елде­рін­де шы­ғар­машылық еркіндіктің н­ә­ти­жесінде дамыған салалар қазіргі за­­ман­да олар­ға көптеген қаржылық та­­быстар әке­луде. Сондықтан, мем­ле­кет­тік тек­серуші органдардың бір­ша­ма­сына осы факторды ескерген жөн. Қо­ға­мымыздың келешегі үшін барынша шы­найы қызмет етіп жатқан кәсіби ма­ман­дардың іс-әрекеттеріне барынша мүмкіндіктер жасалғаны абзал. Елімізде 21-рет жарияланып отыр­ған Президентіміздің Жолдауы эко­но­микадағы технологиялық пәр­менді дамумен қатар, әлеуметтік дүние­дегі қайшылықты мәселелердің шеші­мін іздеуге шақырады. Мәселен, діни экстремизм мен радикализм мәселелері қоғамымыздың ішкі рухани тұрақтылығына, мемлекетіміздің қа­уіпсіздігіне біршама нұқсан кел­тір­­ді. Осы маңызды мәселелердің тиімді шешімдерін табуда Елбасы та­рапынан бірыңғай мемлекеттік ор­ган­дардың күшімен жазалау тәсілін қолдану ұсынылмайды, керісінше, қоғамдағы қайшылықтың алдын алу қа­дамдарын жетілдіріп отыру айтылады. Осыған орай, қоғамымызда, барлық ай­мақтарда, әсіресе, жас­тар арасында рухани-адамгершілік тәрбиесін жүргізу өзектене түседі. Қоғамымыздың руханиятын жетілдіре түсу үшін, адамаралық қатынастардағы үйлесімділікті ны­ғайта түс­у үшін еліміздің жас­тарды тәр­бие­леу­ші мекемелеріне ға­лым­дардың, тұ­тас­тай алғанда, зиялы қауымның да мық­ты қолдауы ауадай қажет.

Зарема ШӘУКЕНОВА,

Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі