19 Қаңтар, 2010

ЕРДІҢ СЕРІГІ, ЕЛДІҢ АНАСЫ ЕДІ

1961 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Алаштың абыз ақсақалы Бәй­кен Әшімұлының 64 жыл отасқан жар-қосағы, асыл жеңгеміз Бақыт Әсетқызы алыстағы Израиль елінде бақилық сапарға аттанғанын естігенде, көңіліміз құлазып, жү­ре­гіміз жүдеп сала берген. Өзім сыр­қаттанып жүрсем де, Астанада ба­йыз тауып отыра алмай, академик Кенжеғали Сағадиев екеуміз орны толмас ауыр қаза үстінде әз-ағаның қасынан табылайық деп жек­сен­бінің кешінде Алматыға шұғыл жеттік. Елдің елдігі осындайда та­ны­лады-ау, осы кеште нешеме те­ңіздің ар жағынан арнайы ұшақпен қимас жанның мәйіті де келіп жетті. Осыдан бір жарым ай бұрын науқасы меңдеген Бақыт Әсет­қы­зының көңілін сұрауға әдейілеп келіп кеткем. Дәрігерлер пала­та­сына кіріп көрісуге рұқсат етпеген. Бәйкен аға қапталдағы бөлмеде, күндіз-түні қасында екен. Жақын жанға деген жұмсақ жүрегінің жанашыр мейірімінің өзін үлкен ұлағатқа балап едім сонда. Он жастағы бала кезімнен білетін, 14 жыл бойы Қазақстан үкі­метін басқарған, аса көрнекті мемлекет қайраткері Бәйкен Әшім­ұлының ұлағатты шаңырағында құдай қосқан қосағы Бақыт Әсет­қы­зының алатын орны ерекше болатын. Біз білген кездердің бә­рін­де сүйкімді де сүйікті Бақыт жең­геміз дегенде Бәйкен ағамы­з­дың да шығарда жаны басқа еді. Асыл аға-жеңгенің қосылғандарына 50 жыл толған алтын тойларын қазақтың игі жақсылары қуана дү­ріл­детіп өткізгені де күні кешегідей көз алдымызда. Бақыт Әсетқызы әрдайым осы­нау қастерлі отбасының, исі қа­зақ­тың қадірлі үлкен қара ша­ңыр­а­ғы­ның қыдыры, аналардың анасы, немере-шөберелердің әз-әжесі, сый­ластықтың жібек жібі болып, ай­наласын жайдары да жадыра кө­ңі­лінің, мөлдіреген таза жүрегінің күн­шуағымен аялаудан тынбай өтті. Тіршілік түйткілдерінің бәрін ор­ын­ды орнына келтіріп, қабақ шы­тыс пен кірбіңге ешқашан ешбір саңылау қалдырмай, жұрттың бар­лығын бауырластырып, азамат­тар­ды бауырға тартып, ағаның жол­дастарын бірге туғаннан артық сый­­лап, ағайын мен туыстың ара­сында сыйластықтың дәрежесін арт­­тырып, дәнекері болып, біреудің қуа­нышын, енді біреудің ренішін бө­лісіп, тілекші әзиз ана болып жү­ретін де осы біздің асыл, аяулы жең­геміз Бақыт Әсетқызы еді. Со­дан да болар, Бәйкен аға ек­еуі­нің осы берекелі бейіл, ақ ниет, кең мінездеріне құдайдың бергені де рас. Осы ырыс-бақ енді кейінгі ұр­пағына жұғысты болсын дейміз. Бақыт Әсетқызы ердің серігі, елдің анасы бола білді. Ол кісіні Алексей Косыгин, Дінмұхаммед Қонаев сияқты ел ағалары, Олжас Сүлейменовтей саңлақ ақынымыз, жал­пы зиялы қауым түгелдей құр­мет тұтып сыйлады. Бәкең зей­неткерлікке шыққан уақыттардан бері де қос аққудай жарасқан қа­дір­менді қосақ, жарасты жұп еге­мен елдің алақанында, құрмет тө­рінде болды. Айпара ана, Домалақ ене тектес өнеге шашып өткен осы­нау асыл ананың арманы бол­мас деп білемін. Алды жарық, арты қайырлы болсын. Ауыр қаза үс­тінде болғанға болаттай бо­ла­рыңыз­ға сенемін, қадірменді Бәй­кен аға. Мақтай САҒДИЕВ. Астана.