Таяуда орын алған осынау қайғылы оқиғаны анықтау Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің із кесушілері мен тергеушілерінің жанқиярлық еңбектерінің арқасында мүмкін болды. Жан түршігерлік оқиғаға қатысты адамдардың есімдері әдеп тұрғысы бойынша өзгертіліп алынды. 2009 жылғы 23 қыркүйек күні Орал қалалық ішкі істер басқармасының Абай полиция бөліміне М. есімді азаматша арыздана келді. 21 қыркүйек күні сағат 20.50-де Орал қаласындағы үйінен шығып кеткен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті, 1981 жылы туған Ақмарал есімді сіңлісінің үйге қайтып оралмағанын баяндады. Облыстық ІІД және Орал қаласы ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері дереу іздестіру іс-шараларын бастады. Оның барысында хабар-ошарсыз жоғалған Ақмаралдың қылмыстың құрбаны болған деген тоқтамға келетіндей жағдайлар анықталды. Өйткені, жоғалған қыз 21 қыркүйектен бері не үйіне, не оқу орнына келмеген, құрбы қыздарының не туыстарының біріне хабарласпаған. Осы жағдайларды ескере отырып, Орал қаласының ІІБ Ақмаралдың хабар-ошарсыз жоғалуына байланысты Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында Ақмаралдың 21 қыркүйектің кешінде Жәмила есімді құрбысымен “Балтика” кафесінде отырып, Қайрат және Армат есімді екі жігітпен танысқаны, олардың қыздарды Достық даңғылында орналасқан жалдамалы пәтерге кешті жалғастыруға шақырғаны анықталды. Пәтерде жігіттер қыздарға тиісе бастағаннан кейін Жәмила Арматтан таксиге дейін шығарып салуды өтініп, құрбысын Қайраттың қасында қалдырып, өзі тайып тұрады. Осымен бәрі аяқталған сияқты, бірақ тергеу-тексеру іс-шаралары кезінде қыздарды таксиге: Жәмиланы қызыл мәшинеге отырғызып жібердік деген Армат пен Қайраттың криминалистік есепте тұрғаны анықталды. Екеуінің берген жауаптарына байланысты Ақмарал мініп кеткен ақ түсті “Фольксваген-Пассат” автокөлігінің жүргізушісін іздеу басталды. Алайда, Қайрат пен Армат жалған сөйлеп, тергеуді қате бағытқа бұрып отыр ма деген де күдік туды. Сенімсіздік туғызуға тыңшылардың кәсіби біліктілігі мен көп жылғы тәжірибелері және күдікті жігіттерді жеке зерттеу барысында анықталған объективті фактілер септігін тигізді. Арматтың кәмелетке толмағандардың ұялы телефонын тонауға қатысы бар екені, ал Қайраттың басқа бір қызды зорлап, ұялы телефонын тонау бойынша бұрыннан есепте тұрғаны анықталды. Әлбетте, бұл қылмыстық іс зерделеніп, бір көмегі тиер деген оймен бұрынғы жәбірленуші Маринадан жауап алынды. Қайрат Маринаны да жалдамалы пәтерде зорлап, ұялы телефонын тартып алған, сосын буындырып тұншықтырған. Пәтерден жалаңаш күйінде қашып шыққан Марина көршілерден көмек сұрап, өлім аузынан қалған. Сондықтан да барлық күш Ақмаралды Қайрат пен Арматтан басқа ешкім өлтірген жоқ деген басты нұсқа бойынша жұмыстануға жұмсалды. Олар жалдаған пәтерді тінту және пәтер иесін жауаптау барысында пәтерден қыздың денесін орап, алып шығуы мүмкін деген қалың төсек-орын жапқыштың, көрпенің және үлкен қара пакеттің жоғалғаны белгілі болды. Сондай-ақ, екі жақты жауап алу жолымен күдіктілердің қыздарды шығарып салғаннан кейін “достарымыздың үйінде түнедік” деген жалған алибилері жоққа шығарылды. Полицияның заманауи мүмкіндіктерінің көмегімен із-түзсіз жоғалған Ақмаралдың “Нокиа-5070” ұялы телефоны табылып, тәркіленді. Енді тек екі сұраққа ғана жауап табу керек еді: Ақмаралдың денесі қандай көлікпен және қайда апарып жасырылды? Жедел шаралардың арқасында күдіктілердің таң атқанға дейін танысы Қаныбектің автокөлігімен жүргені анықталды. Өкінішке орай, Қаныбек үстіміздегі жылғы 10 қазанда әскери міндетін өтеу үшін Алматы облысына жол жүріп кеткен. Дереу сол жерге криминалдық полиция қызметкерлері іссапарға жіберілді. Оларға Ішкі істер министрлігінің Алматы облысы бойынша әскери-тергеу басқармасының және №97617 әскери бөлімінің басшылығы мен қызметкерлері көп көмек көрсеткен. Осының арқасында қылмыскерлердің қыздың денесін шығаруға Қайраттың ағасының “ВАЗ-2106” автокөлігін пайдаланғаны белгілі болды. Өздерінің іс-әрекеттерін мойындамай, барынша тырысып баққан күдіктілердің аса ауыр қылмысты жасағандары әшкереленіп, оларды ұстап, қамауға алатын сәт те туды. Ұсталғандарды жауаптау барысында олардың Ақмаралды зорлағаны және тұншықтырып өлтіргені белгілі болды. Жасаған қылмыстарының ізін жасыру үшін қыздың денесін төсек жапқыш пен көрпеге орап, Зеленов ауданы Белес ауылы аумағындағы орман алқаптарының бірінде бензин құйып, қыз денесін өртеп жіберген. Күні-түні жүрген тергеу-іздестіру жұмыстарының арқасында қыздың күлге айналған мүрдесі табылды. Екі аяқты жауыздардың қылмысы бұлтартпай дәлелденіп, мойындарына қойылды. Фатихолла МАШТАҚОВ, БҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы, полиция полковнигі. Батыс Қазақстан облысы.
Ұлттық ұланның «BURKIT TEAM» командасы AMMA Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Әскер • Бүгін, 20:16
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 19:51
Депутат өңдеу өнеркәсібінің проблемаларымен танысты
Экономика • Бүгін, 19:37
Алматыда омыртқа жұлыны кеселімен туған екі балаға күрделі ота жасалды
Медицина • Бүгін, 19:16
Ақмола облысында 127 инклюзия кабинеті жұмыс істейді
Денсаулық • Бүгін, 18:53
2025 жылы елімізде қанша кәсіпорын іске қосылды?
Үкімет • Бүгін, 18:40
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысы өтетін күнді белгіледі
Президент • Бүгін, 18:28
Астана әуежайында ауа райына байланысты бірқатар рейс кешіктірілді
Ауа райы • Бүгін, 18:19
Meta Қазақстан бойынша салынатын контентпен жұмыс істейтін қызметкер іздеп жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:00
Алматы мектептері отандық цифрлық журналға бет бұрды
Аймақтар • Бүгін, 17:55
Мемлекеттен көмек алған банктерге дивиденд төлеуге шектеу қойылуы мүмкін
Қаржы • Бүгін, 17:52
Сержант-спортшы Азия додасында топ жарды
Спорт • Бүгін, 17:39
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам жүргізуші ұсталды
Заң • Бүгін, 17:32
«Теңізшевройл» Атырау жылу электр орталығына газ жеткізуді тоқтата ма?
Аймақтар • Бүгін, 17:20