07 Ақпан, 2017

Шифрді қолданатын заңсыз ақпаратқа шектеу қоятын қауіпсіздік сертификаты жасалды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның «Киберқалқан» жүйесі қалай жасақталып жатқандығын айтып берді. «Қазақстанның Киберқалқаны жүйесі» еліміздің ақпараттық және киберқауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық-құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың кешенінен, аппараттық-бағдарламалық кешендер мен жобаларынан тұрады. Заңнамалық базаның басым бөлігі дайындалып бітті», - деді министр. «Электронды шекара деп аталатын коммуникацияны басқарудың орталықтандырылған жүйесі бар, шифрді қолданатын заңсыз ақпаратқа шектеу қоятын қауіпсіздік сертификаты жасалды», - деді ол. Айта кетейік, бір апта бұрын, Елбасы ел қауіпсіздігін ақпараттық деңгейде қамтамасыз ететін «Киберқалқан» жүйесін құруды тапсырған болатын.