07 Ақпан, 2017

Үндістандық Кайлаш Сатиартидің Нобель медалін ұрлап кетті

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балалардың құқығын қорғау саласы бойынша белсенді үндістандық Кайлаш Сатиартидің Нобель медалін үйінен ұрлап кетті, деп жазады BBC.

Медальмен қоса Сатиартидің Нобель сыйлығын алған кезде берілген сертификаты да ұрланған.

Сатиарти кәмелеттік жасқа толмағандардың жұмыс күшін пайдалануға және Үндістандағы бала саудасына белсенділігі үшін 2014 жылы Нобель сыйлығын алған еді.

Бұл сыйлықты Сатиарти Пәкістанның қыз балаларға білім беру саласындағы белсендісі Малала Йосафзаймен бірге алған болатын.

Сатиартидің өз сөзінше, қазіргі таңда Дели полициясы істі қарап жатыр.

"Есіктің құлпы бұзылып, медаль және сертификатпен қоса өзге де заттар жоғалған", - дейді Нобель сыйлығының иегері.
A copy of the Nobel certificate