07 Ақпан, 2017

Шетелдік инвесторлар қазақстандық ғылымға көптеп қаржы салуда

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шетелдік инвесторлар отандық ғылымды белсенді қолдап жатыр. Елге кірген жалпы инвестицияның үштен бірі ғылыми-техникалық секторға тиесілі. 2016 жылдың алғашқы үш маусымында бұл көрсеткіш 4,74 млрд долларды құрап, алдыңғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 25 пайызға ұлғайған, деп жазады Energyprom.kz. Сонымен қатар, инвестицияны көп тартатын салалардың алғашқы үштігінде тау-кен мен өңдеуші өнеркәсіп бар. Алғашқы орындағы үш сала республикаға тартылған жалпы инвестицияның 77 пайызын құрайды. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында шетелдіктерден тартылған тікелей инвестиция 14,52 млрд долларды құрап, оның алдындағы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 27,3 пайыз өсім көрсеткен. Алғашқы үштіктегі салалардың ішінде ғылыми-техникалық қызметке тартылған инвестиция жалпы көлемнің 32,6 пайызын құраса, тау-кен ісі 26,1 пайызды, ал қайта өңдеу саласы 18,2 пайызды құрайды. Қазақстандағы жаңғыртудың үшінші толықыны елдегі тауар өндірісі мен саудасы және қызмет көрсету саласына қарқын береді деп күтілуде. Осы орайда "Астана халықаралық қаржы орталығының" ашылуы елде трансұлттық компаниялардың жұмыс істеп, қаржы нарығын дамытпақ. 2016 жылдың алғашқы үш маусымындағы көрсеткіш шет елдік инвестиция көрсеткішінің көбейіп келе жатқанын көрсетеді. Оның алдында, 2013 жылы, шет елден тартылатын қаржы күрт азайып кеткен еді. Дүниежүзілік банктің Doing Business 2017 тізімінде Қазақстан бір жылда 22 орын алға жылжып, "Қаржы инвесторларын қорғау" бөлімінде үшінші орында тұр. Ал 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жаңа инвестициялық стретегия дайындалмақ.