«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері (2010ж.б) «Даму» Қоры кәсіпкерлердің несие пайыздары бойынша 148 млрд теңгеге субсидия төлеген. Бұл жобалар қатарында өңдеу өнеркәсібі саласындағы 9 130 жоба (31,34%), көлік және қоймаға сақтау (24,78%), көтерме және бөлшек сауда (10,89%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (7.13%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет бар(6,22%).
Шағын және орта кәсіпкерлердің жобасы бойынша қол қойылған несиелердің жалпы сомасы 1 трлн 721 млрд теңгені құрады.
Субсидиялауда белсенділік танытқан өңірлер - Павлодар, ШҚО, СҚО, Ақтөбе және Қарағанды облыстары. Екінші деңгейлі банктердің алдыңғы үштігін «Қазақстан халық Банкі» АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ және «Центр Кредит Банк» АҚ бастап тұр. Олар 8,5 мың субсидиялау жобаларына қол қойған. Несие қоржынының жалпы көлемі 1 трлн 500 млрд теңгені құрайды.
Кепілзат жетіспеген жағдайда берілетін «Даму» Қорының кепілдемесін жалпы сомасы 94 млрд теңгелік 2 644 жоба пайдаланды. Олардың ішінде кепілдеме сомасы 40,5 млрд теңгені құрады.
Кепілдеме беру бойынша өңдеу өнекәсібі алда тұр. Бұл саланың үлесінде «Даму» Қоры берген кепілдемелердің жалпы санының 41%-ы бар. Екінші орында көлік және қоймаға сақтау (14%), ал ауыл шаруашылығы 8% құрайды. Кепілдеме беру жағынан ШҚО, (205 кепілдеме берілген), Жамбыл облысы (203 кепілдеме берілген), Ақтөбе облысы (196 кепілдеме берілген) алда келеді. Кепілдеменің сомасы жағынан 3,8 млрд теңгемен Астана көш бастап тұр. Екінші деңгейлі банктер арасында кепілдеме саны мен сомасы жағынан «Сбербанк России» АҚ ЕБ мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ алда тұр.
2016 жылы кәсіпкерлер 156,9 млрд теңгенің салығын төлеген («Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы бойынша).
Төленген салық көлемі жағынан бірінші орында Алматы қаласы (28,8 млрд. теңге) болса, одан кейін БҚО (14,3 млрд теңге), Қарағанды облысы (14,2 млрд теңге) тұр.
Өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер 87,3 млрд теңгенің салығын төлесе, көлік пен қоймаға сақтау саласынан 27,5 млрд теңге түскен.