Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов министрлер кабинетінің отырысында Үкіметтің 2017-нің жарты жылдық жұмыс жоспарын таныстырды, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі
«Экспорттық жағрапияны кеңейтіп, шарттарды жеңілдету үшін, бірінші жарты жылдықта еркін сауда-саттық жүргізу үшін бірқатар елдермен (Иран, Израиль, Египет, Сингапур, Сербия т.б) сондай-ақ, сауда экономикалық қарым қатынас туралы ҚХР-мен келіссөздер жалғасады»,-деді Сүлейменов.
Оның айтуынша ЕАЭО, ШЫҰ және Жібек жолы экономикалық белдеуіне қатысты Ұлттық экономикалық мүддемізді қорғау және күшейту үшін, мамыр айында Президент әкімшілігіне экономикалық дипломатияны жандандыру және қайта қарау туралы ұсыныстар жолданады.
«Жеке секторға жағдай жасау үшін бірінші жарты жылдықта дамыған елдердің озық тәжірибесі негізінде бизнесті бақылаудан босатудың жүйелі шаралары бекітіледі. Наурызда бақылау-қадағалау қызметтері жаппай тексеріліп, оларды қысқарту және тексеруші органдарды санын азайту туралы ұсыныс Үкіметке жолданады», -деді. Министр биыл заңнамаға бизнестке қатысты әкімшілік кедергілер мен асыра талаптарды қысқарту туралы өзгерістер толығымен енгізіледі деп атап өтті.
«1 наурызға дейін біз Үкіметке 2018 жылы жекешелендірілетін нысандардың тізімін дайындап береміз. Сондай ақ, 1 наурызға дейін мемлекет пен квазимемлекеттік секторда қалатын нысандар тізімі белгілі болады. Осы екі тізімге де кірмегендер Yellow pages rules принциптеріне сәйкес таратылады», - деді министр.
Бұдан бөлек, өңірлерде МЖС-ті жандандыру үшін, сараптаудан келісім шартқа отыру мерзімі 4-6 ай яғни қазіргіден 2,5 есеге қысқартылады. Маусымда инвесторларды тарту үшін, республикалық және өңірлік МЖС жобаларының бірыңғай ақпараттық базасы құрылады. Жыл бойында МЖС бойынша 54 жоба байқауға шығарылады.
«Қаңтарда ҰЭМ бұйрығымен қалаларда несиелеу/шағын несиелеу талаптары, ЕДБ мен қаржы ұйымдары беретін шағын несиелерді кепілдендіру, кәсіпкерлікке оқыту негіздері бекітіледі. «Бизнес Бастау» жобасы бойынша наурызда жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды кәсіпкерлікке баулитын оқыту бағдарламасы басталады», - деп мәлімдеді. Сондай ақ, ол мамырда ЭБДҰ ұсынысын іске асыру мақсатында Ұлттық жол картасы құрылады және мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстанның ЭБДҰ-ның 13- құқықтық құралы мен ЭБДҰ-ның 2-Комитетімен қарым-қатынас жұмысын үйлестіру жалғасады. Ал сәуірде Қазақстан ЭБДҰ-ның Инвестициялар жөніндегі Комитетіне қосылуы мүмкін.
«Маусымда Астана экономикалық форумын өткізу жоспарда бар. Биыл «Жаңа энергия –жаңа экономика» деген тақырып ұсынылды. Басты шаралар аясында Мемлекет басшысының қатысуымен Пленарлық отырыс өткізу жоспарланған. Форум халықаралық серіктестермен (БҰҰ, ЭБДҰ, Дүниежүзілік Банк, ЕДҚҚБ, АҚҚБ, The Economist, Bloomberg т.б) бірлесіп ұйымдастырылды», - деді министр.