10 Ақпан, 2017

Озық технологиялар – отыздыққа ену кепілі

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатымен Мәжіліс депутаттары Жамбыл Ахметбеков, Нұрлан Дулатбеков және Геннадий Шиповских Исатай ауданының Тұщықұдық және Аққыстау ауылдарына келді. Тұщықұдық ауылындағы сайлаушылармен кездесуді аудан әкімі Тұрарбек Сұлтанбеков ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков Елбасының Жолдауындағы негізгі бағыттар туралы айта келіп, осы бағ­дар­ламалық құжат еліміздің келесі даму белесін бағындыратындығына сенім мол екендігін айтты. – Еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылуы үшін Жолдауда айтылған инновация­ны, цифрлы технологияны, IT технологияны, ғылым жетістіктерін, бір сөзбен айтқанда, әлем­дік озық технологияны өндіріске енгізуміз қажет, яғни елдің экономикасының мүлде жаңа моде­лін дамыту шарты тұр. Елбасы Жолдауының негіз­гі тақырыбы, міне, осы мәселелерді қамти­ды. Халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де Жол­даудың басты бағыты, – деп атап өтті Ж.Ахметбеков. Халық қалаулылары сайлаушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Кездесуге ауыл тұрғындары, мемлекеттік кәсіпорындар мен бизнес өкілдері, ақсақалдар мен аудан белсенділері қатысты. Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан» Атырау облысы