Астанада жұмыс сапарымен жүрген Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа мен ТМД елдері бойынша Өңірлік Бюросының директоры, БҰҰ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Бас Комиссары Жихан Сұлтаноғлу ханым бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымына (TWESCO) арнайы келді.
Мәртебелі мейманды қарсы алған TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымның қызметі мен миссиясы жайлы кеңінен таныстырды. Академияның халықаралық байланыстары мен ғылыми жобалары, жариялаған еңбектерімен бірге келешектегі жоспарлары жөнінде мол мағлұмат берді. Екіжақты кездесуге сонымен қатар, Түркі мемлекеттері ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілінің Орынбасары Мунхтуя Алтангерел, Қазақстандағы БҰҰДБ департамент басшылары Ирина Горюнова мен Дана Аманова қатысты.
TWESCO кітапханасы мен Түркі тарихы музейімен танысқан Жихан Сұлтаноғлу ханым Академияның қызметін және Түркі дүниесінің интеграциясын нығайтып, дамытудағы үлесін жоғары бағалады. Академия басшысы тарту еткен құнды кітаптарды, оның ішінде жуырда ғана тұсауы кесілген «Жойылу қаупіндегі түркі тілдері» төрт томдығын зор ықыласпен қабыл алып, көптомдықтың ғылыми маңызы зор деп атап өтті. Келелі кездесу соңында Жихан Сұлтаноғлу ханым Академияның Тілек кітабына жылы лебізін жазып қалдырды.
Айта кету керек, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ж.Сұлтаноғлу 2016 жылы TWESCO-ның Нью-Йорктегі БҰҰ Бас кеңсесінде өткізген «2030 Жоспары үшін Жібек Жолы бойындағы синергия» атты халықаралық симпозиум жұмысына арнайы қатысып, жиынның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен болатын.
• 10 Ақпан, 2017
Түркі академиясына БҰҰ Бас хатшысының орынбасары келді

Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21