Қалдық тастап, қашып кететіндер енді жалтара алмайтын болды. Өскемен қаласы қалдықтарды ғарыш арқылы бақылайтын қанатқақты жобаға қатысып жатыр. Қазіргі уақытта облыстық экология департаментінде ғарыштық ақпараттармен жұмыс істейтін арнайы бөлім де құрылып үлгерген.
-Біз тиісті аумақты белгілеп, ұсыным жібереміз. Төрт-бес күннің ішінде қалдықтардың орналасқан жері мен көлемі көрсетілген суретті аламыз. Тіпті, қалдықтардың құрамы мен қанша уақыттан бері жатқанын білуге де мүмкіндік бар, - дейді аталған департаменттің экологиялық бақылау бөлімінің жетекші маманы Рауан Мұсаева.
Ғарыштық бақылау арқылы қаланың іші мен шаһардан 20 шақырым аумақтағы жерлерді де суретке түсіруге болады. Осы мәліметтер негізінде департамент қызметкерлері тексеріс жүргізіп, тиісті орындарға шағым түсіре алады.
Облыс экологтары бұл жобаның алдағы уақытта бей-берекет тасталған қалдықтарды ғана емес, заңсыз салынған құрылыстар мен ағаш кесушілерді анықтауға да мүмкіндік беретініне сенімді. Департамент мамандары ғарыштық түсірілімдерді жаз айларынан бастап қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН
• 10 Ақпан, 2017
Өскемен қалдықтарды ғарыштан бақылайтын жобаға қатысуда

Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21