10 Ақпан, 2017

Астанада бизнес менеджментін тегін оқуға өтініш қабылдануда

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Астана қ. кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен шағын және орта кәсіпорындардың басшыларын «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша тегін оқытуды қолға алды. Жобаның мақсаты - табысты бизнес құрудың жаңа модельдерін енгізу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқару дағдыларын дамыту, шетелдік оқыту орталықтарын тарту арқылы стратегиялық және тактикалық бизнес-міндеттерді шешу. Жобаға экономиканың басымдықты секторларында қызмет ететін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары қатыса алады. Оқыту үш кезеңмен жүргізіледі: - аудиторияларда топтармен үш күндік күндізгі дәрістер; онлайн-семинарлар (қазақстандық мамандардың қатысуымен); бизнес-жоспарлар әзірлеу және бағалау. Оқуды аяқтаған кәсіпкерлерге курсты сәтті меңгеріп шыққаны туралы сертификат табысталады. Өтініш «Даму» Қорының жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО-на) 28 ақпанға дейін: Астана қаласы, Қажымұқан көш. 8а. 1-қабат, мекен-жайы бойынша қабылданады. Анықтама тел. 559434, 559439. [irp posts="6468" name="Қазақстанда жұмыс мамандығын тегін игеру мүмкіндіктері"]