10 Ақпан, 2017

Астанада үш медициналық орталық салынады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елорданың шағын аудандарында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 3 орталық салу жоспарлануда. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Мәліметтер бойынша қалалық басқарманың бизнес өкілдерін денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларына қатысуға шақыратындығы айтылған. «Мынадай 4 концессиялық жоба әзірленді: бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 3 орталықты (Железнодорожный, Көктал және Өндіріс) салу және пайдалануға беру, сонымен қатар №1 емхананы жаңғырту. Егер сізде аталған ауданда медициналық нысан салуға мүмкіншілік болса, онда өзіңіз жайында мәлімет беріп, жобаға қатыса аласыз», – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы бизнесмендерге арналған үндеуінде.
Соңғы жаңалықтар

Рамазан айына 1 күн қалды

Руханият • Бүгін, 09:55

Сыр бойына жүгері де жерсінеді

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Цифрлық мәдени мұра

Мирас • Бүгін, 08:30