Бүгін Астанада кәсіпкерлердің жыл сайынғы конференциясы өтті. Шара аясында қала әкімі Әсет Исекешев «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаевпен және қаланың бизнес-құрылымдарымен кездесті. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конференцияда кәсіпкерлікті дамытудың басты басымдықтары талқыланды, сондай-ақ, елорда нарығына ауыл шаруашылық өнімдерінің тікелей жеткізілімдерін ұйымдастыру мүмкіндіктері және қаланың бизнес ортасын жетілдіру жайы талқыланды.
Сонымен қатар, елордада бизнестің барлық салаларын одан әрі дамыту, МЖӘ жобаларын келісу процедураларын барынша оңтайландыру бойынша ҰКП ұсыныстары айтылды.
Жер телімдерін пайдалану мақсатын, тұрғын үй емес нысандардың функционалдық арналуын өзгерту, салықты уақытында төлеушілерді ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алып тастау, бизнес үшін шығындардың барлық түрлерін төмендету, энергетика, көлік, логистика, ТКШ қызметтерінің құнын төмендету мәселелері қаралды.
«Біз көтерме-тарату орталығына басымдық беріп отырмыз, және оңтүстік өңірлердің фермерлері үшін және Орталық Азия өнімдері үшін Астана базарларына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бірнеше көтерме-тарату орталығын құру жоспарланған, яғни, ауыл шаруашылық өнімдерінің жеткізілімдері үшін барлық тосқауылдарды алып тастау қажет. Қала әкімдігінде биыл МЖӘ бойынша 34 жоба жоспарланған. 6 балабақшаның құрылысы бойынша инвесторлар арасында байқау өтті. Жатақханалардың құрылысы, жылы аялдамаларды орнатуға базарлар және т.с.с. орташа нысандар МЖӘ бойынша бәсекелестік ортаға берілмек. Біз көптеген мемлекеттік қызметтерді аутсорсингке беруге әзірміз, мысалы, қар жинау сияқты жұмыстарды. Қаладағы көп шаруаны жеке инвестиция есебінен іске асыру көзделіп отыр», – деді Әсет Исекешев.

Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21