10 Ақпан, 2017

Астанада «Белсенді азамат» акциясына екі мыңнан аса адам қатысты

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елордада қала әкімдігінің бастамасымен «Белсенді азамат» кең көлемді акциясының екінші кезеңі өтті, оған 2462 адам қатысты. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ұйымдастырушылардың мәліметтеріне сәйкес, шара барысында азаматтардан түрлі салалар бойынша 2500-ден аса ауызша өтініш түскен, ал жазбаша өтініштердің саны 1702-ге жетті. Күні бойы құзырлы құрылымдар мен ведомстволардың мамандары елордалықтарды алаңдатқан сұрақтарға жауап беріп, шағымдар мен өтініштерін қабылдады, түрлі мәселелер бойынша кеңестер берді. Шараның ұйымдастырушылары қойылған сауалдардың дені тұрғын үй, үлестік құрылыс, жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелеріне қатысты болғанын айтады. Еске салсақ, халықпен кері байланыстың тиімділігін арттыруға бағытталған «Белсенді азамат» акциясының бірінші кезеңі үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында өткізілген. Шараның екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жүргізілген мониторингке сәйкес, халық тарапынан зор қызығушылық байқалған. Сол себепті қала билігі акцияны жүйелі негізде өткізіп тұрмақ.